$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады

Редакция
21 қазан 2026, 11:11
Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады Сурет авторы: depositphotos.com

Үстіміздегі жылдың 21 қазанында Астана қаласының бірнеше көшесінде жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету қызметі уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.

Шектеу шаралары жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіліп отыр.

Жылу мен ыстық суды өшіру кестесі:

Сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Е-430 көшесі, 4-үй;

  • Мұхамедханов көшесі, 41-үй.

Сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін:

  • Аманжолов көшесі, 20-үй;

  • Қарашаулы көшесі, 1, 4, 5, 7, 8, 9, 12-үйлер;

  • А-191 көшесі, 2-үй;

  • Бекхожин көшесі, 12, 14, 16, 18-үйлер;

  • Байжанбаев көшесі, 1, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 14, 15, 16, 17-үйлер;

  • Панфилов көшесі, 1а, 3, 9-үйлер;

  • Құлымбетов көшесі, 2, 5, 6, 10, 12, 13, 14, 15, 17-үйлер.

Сағат 08:30-дан 16:30-ға дейін:

  • Мүсірепов көшесі, 2, 2/1, 2/2, 4, 4/1-үйлер;

  • Абылай хан даңғылы, 55, 55/1, 57, 59, 59/1, 59а-үйлер;

  • Мұстафин көшесі, 1-үй;

  • Ақжол даңғылы, 49/5-үй;

  • Чехоев көшесі, 1, 3-үйлер;

  • Сауран көшесі, 12, 12/1, 14-үйлер;

  • Алматы көшесі, 6-үй.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 қазанда Астана қаласында күндізгі ауа температурасы +6...+8 °C аралығында болады. Сондай-ақ екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін қатты жел соғады деп күтілуде.

Қалалық қызметтер тұрғындардан келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар