$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Navai қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін Қазақстаннан шығарылды

Редакция
20 қазан 2026, 13:51
Navai қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін Қазақстаннан шығарылды Сурет авторы: Ulysmedia.kz

Жамбыл облысының полициясы рэпер Navai-ға қатысты қылмыстық істің ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлады.

Шешім қабылдау кезінде оның алғаш рет құқық бұзушылық жасағаны және шын өкінгені ескерілген.

Қадағалаушы орган шешімді бекіткеннен кейін рэпер Қазақстан аумағынан шығарылды.

Еске сала кетсек , 14 қазан Navai-дың жеке концерті өтуі тиіс еді. Алайда Қазақстан шекарасынан өту кезінде рэпер есірткі заттарымен ұсталғаны хабарланған болатын.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар