$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Қазақстанда кадр дағдарысы: Еңбек нарығында қай мамандарға сұраныс көп?

Редакция
20 қазан 2026, 11:08
Қазақстанда кадр дағдарысы: Еңбек нарығында қай мамандарға сұраныс көп? Сурет авторы: depositphotos.com

Қазақстанның еңбек нарығында бұрын-соңды болмаған кадр дағдарысы байқалуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек, бүгінде жұмыс берушілер тарапынан дәрігерлерге, инженерлерге және жұмысшы мамандарына сұраныс ерекше жоғары.

Ақ халаттылар тапшылығы: 4 бос орынға 1-ақ түйіндеме

Ең өзекті әрі қауіпті жағдай денсаулық сақтау саласында тіркеліп отыр. Елдегі емханалар мен ауруханаларда маман жетіспеушілігі шын мәнінде критикалық шекке жеткен:

  • Акушер-гинекологтар: 469 бос орынға небәрі 100 түйіндеме түскен.

  • Педиатрлар: 448 ашық вакансияға ұсынылған үміткерлер саны – 139 ғана.

  • Анестезиолог-реаниматологтар: 300 бос орынға тек 75 маман таласып отыр. Бұдан бөлек, онколог, неонатолог және эндокринолог дәрігерлерінің тапшылығы өткір сезілуде.

Дағдарыс тек медицинамен шектелмейді. Бүгінде елімізде электриктер, дәнекерлеушілер, механиктер, құрылысшылар, жүргізушілер мен бағдарламашыларға деген сұраныс бұрынғыдан да артқан. Министрлік болжамы бойынша, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 миллион жаңа маман қажет болады. Ең қызығы, бұл қажеттіліктің жартысынан астамы дәл осы жұмысшы кәсіптерінің еншісінде.

Ведомство өкілдері орын алған бұл жағдайды мамандардың кәсіби біліктілігі мен еңбек нарығындағы заманауи талаптардың арасындағы алшақтықпен түсіндіреді. Яғни, оқу орындарын бітірген түлектердің білімі жұмыс берушілердің күткен деңгейіне сай келмей отыр.

Соңғы жаңалықтар