$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпараттан кейін оның жаңа суреттері жарияланды

Редакция
20 қазан 2026, 13:31
Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпараттан кейін оның жаңа суреттері жарияланды Сурет авторы: ria.ru

Кореяның орталық телеграф агенттігі (КОТА) Ким Чен Ынның киім және аяқкиім көрмесіне барған сәтінен фотосуреттер жариялады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Солтүстік Корея басшысының денсаулығы нашарлап, қайтыс болуы мүмкін екені туралы расталмаған ақпарат тараған еді.

Желіде тараған жазбаларда Ким Чен Ынның миына қан құйылып, комаға түскені айтылған. Сондай-ақ оны шұғыл түрде Қытайға жеткізіп, Бейжіңдегі ауруханалардың біріне жатқызғаны жөнінде мәлімдемелер жарияланған. Алайда бұл ақпараттың растығы расталған жоқ.

КОТА мәліметінше, Ким Чен Ын 19 қазанда жеңіл өнеркәсіп саласындағы киім және аяқкиім көрмесін аралаған. Жарияланған суреттерде ол лауазымды тұлғалармен сөйлесіп, көрмеге қойылған өнімдерді қарап жүр. Іс-шараға оның қызы Ким Чжу Э де қатысқан.

Агенттік хабарламасында Солтүстік Корея басшысына партия мен үкіметтің жетекші өкілдері еріп жүргені айтылған. Көрмеде елдің жеңіл өнеркәсіп саласының жетістіктері таныстырылған.

КХДР билігі Ким Чен Ынның денсаулығы мен қайтыс болғаны туралы қауесеттерге қатысты әзірге тікелей түсініктеме берген жоқ.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар