$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында екі тағайындау жасады

Абдрахманов Мағжан
19 қазан 2026, 15:21
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында екі тағайындау жасады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында екі жаңа тағайындау болды, деп хабарлады Ақорда.

Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Ал Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Ақорда әзірге жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғалардың бұған дейін атқарған қызметтері туралы қосымша мәлімет жариялаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар