2027 жылдан бастап кімдерге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
Сурет авторы: baq.kz
Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жаңа ережеге сәйкес, учаскелік комиссия отбасының мүлігін, көлігін, банк шоттарындағы шығынын, алған қарызы мен жинағын ескеріп, АӘК алуға мұқтаж емес деген қорытынды шығара алады.
АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа айлық табыстың айырмасына қарай есептеледі. Кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар әр тоқсан сайын айқындайды.
Қандай жағдайда отбасы АӘК-тен қағылуы мүмкін?
Учаскелік комиссия мына жағдайлардың бірін немесе бірнешеуін анықтаса, отбасы АӘК-ке мұқтаж емес деген қорытынды шығара алады:
- Бірнеше баспанасы болса. Сондай-ақ АӘК алуға өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде баспана сатқаны ескеріледі. Бірақ барлық баспананың жалпы пайдалы ауданы әр адамға шаққанда 18 шаршы метрден аспаса немесе үй апатты деп танылса, бұл талап қолданылмайды.
- Табыс әкелетін жеке үй-жайы болса.
- Жеке үйі бола тұра, үй салуға арналған жер телімі болса. Мемлекет тегін берген жер телімі есепке алынбайды.
- Бірнеше жеңіл көлігі болса. Техникалық жағдайы жақсы бірден көп жеңіл көлігі бар отбасы АӘК-тен қағылуы мүмкін. Көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар баласы немесе I және II топтағы мүгедектігі бар мүшесі бар отбасыларға ерекшелік қарастырылған.
- Ауыл шаруашылығы техникасы, автобус, шағын автобус, жүк немесе арнайы көлігі, су не әуе көлігі болса және олар тасымалдауға пайдаланылса.
- Банк шоттарындағы шығыны көп болса. Өтініш берер алдындағы тоқсандағы шығын отбасының әр мүшесіне шаққандағы кедейлік шегінен асып кетсе, бұл да ескеріледі. Салық, бюджетке міндетті төлемдер, сақтандыру төлемдері және отбасы мүшелерінің өзара ақша аударымдары есепке алынбайды.
- Ірі несие немесе шағын несие алса. Ипотекадан басқа қарыздың көлемі әр отбасы мүшесіне шаққанда айына екі ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетсе, комиссия оны ескере алады. 2026 жылғы есеппен бұл — бір адамға 101 702 теңге.
- Банктегі жинағы 200 АЕК-тен асса. 2026 жылғы есеппен бұл — 865 мың теңге. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымдар есептелмейді.
Банк шоттары мен несие туралы мәлімет тексеріледі
АӘК алу үшін өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері жеке деректерін, соның ішінде банк құпиясына жататын мәліметтерді тексеруге және өңдеуге келісім беруі керек.
Уәкілетті органдар отбасының несиелері туралы ақпаратты, оның ішінде қарыз сомасын, ай сайынғы төлемін және берешегін көре алады.
АӘК-тің екі түрі бар
Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамту шараларына толық қатыса алмайтын аз қамтылған азаматтарға беріледі. Олардың қатарында зейнет жасындағы адамдар, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, екі айдан астам уақыт еңбекке жарамсыз болуы мүмкін науқастар және еңбекке қабілетті мүшесі жоқ отбасылар бар.
Сондай-ақ отбасындағы жалғыз еңбекке қабілетті адам үш жасқа толмаған балаға, мүгедектігі бар адамға немесе күтімді қажет ететін қарт адамға қарап отырса, шартсыз көмек тағайындалуы мүмкін.
Шартты ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға беріледі. Оны алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысып, қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеуден өту және әлеуметтік келісімшарт жасау қажет.
I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, күндізгі бөлімде оқитындар, екі айдан астам еңбекке жарамсыз болуы мүмкін азаматтар, үш жасқа толмаған балаға қарайтын ата-ананың бірі, күтімді қажет ететін адамдарға қарайтын азаматтар және тұрақты жұмысы бар адамдар жұмыспен қамту шараларына қатысуға міндетті емес.
Соңғы жаңалықтар
-
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын жеке басқарушыларға сеніп тапсырды?
10 сағат бұрын
-
Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды
10 сағат бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік органдарды 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды
11 сағат бұрын
-
Дипфейк арқылы алматылық әйелдің атына төрт банк шоты ашылып, 36 млн теңге аударылған
11 сағат бұрын
-
Зорлық болмай тұрып қауіп туралы белгі беріледі: Айжан Аймағанова жаңа жүйе ұсынды
12 сағат бұрын
-
ШҚО-да 50 жылдан астам пайдаланылған ескі мектептің орнына жаңасы салынды
13 сағат бұрын
-
Жаңа стадион салынған соң ескісі не болады? Алматылықтарды толғандырған сұраққа жауап
14 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап кімдерге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
15 сағат бұрын
-
Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады
15 сағат бұрын
-
Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
16 сағат бұрын
-
Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты
16 сағат бұрын
-
Еуропаның төрт ірі компаниясы Starlink-ке балама жасау үшін күш біріктірді
17 сағат бұрын
-
Қазақстанда қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырады
17 сағат бұрын
-
Алматыға 113 келі есірткі жеткізбек болған ағайындылар ұсталды
17 сағат бұрын
-
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» жазаланды: ҚФФ клубтарға ірі айыппұл салды
1 күн бұрын
-
Жасанды интеллект әлемін өзгерткен NVIDIA басшысы Қазақстанға келеді
1 күн бұрын
-
Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды
1 күн бұрын
-
Алматыда үш университет «жарылғыш зат қойылды» деген ақпараттан кейін тексерілді
1 күн бұрын
-
Садыр Жапаров ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері басшыларымен кездесті
1 күн бұрын
-
Пашинян Жапаровты Қазақстан президенті деп атағаннан кейін хаттама қызметінің басшысын қызметінен босатты
1 күн бұрын
-
Өскемендегі кептеліске жаңа жол: әкім құрылыс барысын жеке тексерді
1 күн бұрын
-
Қорғаныс министрлігіне кеткен Савельеваның орнына жаңа депутат келді
1 күн бұрын
-
Navai қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін Қазақстаннан шығарылды
1 күн бұрын
-
Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпараттан кейін оның жаңа суреттері жарияланды
1 күн бұрын
-
Қазақстан АҚШ-қа тікелей рейсті қашан ашатыны белгілі болды
1 күн бұрын
-
Әл-ауқат калькуляторы неге бәріне ашылмайды: министрлік жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда кадр дағдарысы: Еңбек нарығында қай мамандарға сұраныс көп?
1 күн бұрын
-
Адамды автобусқа итеріп кіргізген видео тарады: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
1 күн бұрын
-
Үш ай бойы іздеген: Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды
1 күн бұрын
-
Компьютер алдында шаршағандарға ем: Көңіл-күйді 30 секундта көтеретін әдеттер
1 күн бұрын
-
Желдей жылдам, темірдей төзімділердің айқасы: Алматыда «D’Giro Almaty 2026» өтті
1 күн бұрын
-
Pinduoduo мен Claude Қазақстан бюджетіне 8 млрд теңге төледі
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін күшейтуді тапсырды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында екі тағайындау жасады
2 күн бұрын
-
ҚАЗТЕСТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды: Сертификатты қалай және қанша төлеп алуға болады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда колледж оқушыларына «клининг» дипломы берілуі мүмкін
2 күн бұрын
-
2027 жылы Рамазан қашан басталады: ҚМДБ діни күндер кестесін жариялады
2 күн бұрын
-
Марко Рубио Қазақстанға сапармен келмек
2 күн бұрын
-
Жапаров: Әблязов Бішкектен Қазақстандағы саяси әрекетін ұйымдастырғысы келді
2 күн бұрын
-
ҰҚК Қазақстанда интернет-алаяқтық жүйесін құрған Қытайдың 13 азаматын ұстады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда маймыл шешегінің таралу қаупі қандай? Министрлік жауап берді
2 күн бұрын
-
Алматыда 700-ге жуық студентке шәкіртақы уақытында берілмеген
2 күн бұрын
-
Шетелге жұмысқа шақырса, нені тексеру керек? Еңбек министрлігі түсіндірді
2 күн бұрын
-
Франциядағы жаппай тәртіпсіздік: Макрон қатаң шара қолданатынын мәлімдеді
2 күн бұрын
-
Отбасыңыз А, В әлде C санатында ма? eGov-та жаңа калькулятор іске қосылды
2 күн бұрын
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
4 күн бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
5 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
5 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
5 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
5 күн бұрын