Тоқаев мемлекеттік органдарды 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды
Сурет авторы: Ақорда
Қазақстанда орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысының тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі күшін жойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығы бүгін, 21 қазанда қолданысқа енгізілді.
Сөз 2010 жылғы 19 наурызда қабылданған №954 президент жарлығы туралы болып отыр. Ол министрліктер мен басқа да орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің жұмысын жыл сайын бағалау тәртібін белгілеген. Жүйе мемлекеттік органның жұмысын бірыңғай көрсеткіштер арқылы жыл сайын салыстырып отыруға арналған еді.
Бағалау барысында мемлекеттік органның алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуі, халықпен және бизнеспен жұмысы, ұйымдық дамуы секілді бағыттар ескерілген. Бұған қоса, Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуына қатысты бақылау нәтижелері де пайдаланылған.
Жүйеде бағалау нәтижесінің салдары да қарастырылған. Мемлекеттік органның көрсеткіші нашарлаған жағдайда оның басшыларының жауапкершілігі туралы мәселе қаралуы мүмкін болған.
Енді әкімдер мен министрлер қалай бағаланады?
Президенттің 18 қыркүйекте қол қойған №1469 жарлығы бүгіннен бастап бұрынғы бағалау жүйесінің өзін ғана емес, оған жылдар бойы өзгеріс енгізген бірқатар жарлықтардың да күшін жойды.
Алайда құжатта оның орнына енгізілетін жаңа бірыңғай бағалау тәртібі көрсетілмеген. Сондықтан министрліктер мен әкімдіктердің жұмысы мүлде бағаланбайды деуге болмайды. Мемлекеттік органдардың қызметін бақылаудың басқа тетіктері, соның ішінде мемлекеттік жоспарлау құжаттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік аудит және мемлекеттік қызмет сапасын тексеру сақталады. Мәселен, 2026 жылдың бірінші жартысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 2 мыңнан астам бақылау шарасын өткізген.
Президент әкімшілігінің қолданыстағы ережесінде де өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бақылау және талдау, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастыру сияқты міндеттер бар.
Яғни жойылғаны – мемлекеттік органдарды бақылау немесе олардың жұмысына баға беру түгелдей емес, 2010 жылдан бері қолданылған жыл сайынғы бірыңғай бағалау жүйесі. Оның орнына бөлек жаңа жүйе енгізіле ме, әлде бағалау қолданыстағы жоспарлау, аудит және бақылау тетіктеріне толық ауыса ма – №1469 жарлықта нақтыланбаған.
Соңғы жаңалықтар
-
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын жеке басқарушыларға сеніп тапсырды?
10 сағат бұрын
-
Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды
10 сағат бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік органдарды 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды
11 сағат бұрын
-
Дипфейк арқылы алматылық әйелдің атына төрт банк шоты ашылып, 36 млн теңге аударылған
11 сағат бұрын
-
Зорлық болмай тұрып қауіп туралы белгі беріледі: Айжан Аймағанова жаңа жүйе ұсынды
12 сағат бұрын
-
ШҚО-да 50 жылдан астам пайдаланылған ескі мектептің орнына жаңасы салынды
13 сағат бұрын
-
Жаңа стадион салынған соң ескісі не болады? Алматылықтарды толғандырған сұраққа жауап
14 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап кімдерге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
15 сағат бұрын
-
Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады
16 сағат бұрын
-
Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
16 сағат бұрын
-
Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты
16 сағат бұрын
-
Еуропаның төрт ірі компаниясы Starlink-ке балама жасау үшін күш біріктірді
17 сағат бұрын
-
Қазақстанда қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырады
17 сағат бұрын
-
Алматыға 113 келі есірткі жеткізбек болған ағайындылар ұсталды
17 сағат бұрын
-
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» жазаланды: ҚФФ клубтарға ірі айыппұл салды
1 күн бұрын
-
Жасанды интеллект әлемін өзгерткен NVIDIA басшысы Қазақстанға келеді
1 күн бұрын
-
Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды
1 күн бұрын
-
Алматыда үш университет «жарылғыш зат қойылды» деген ақпараттан кейін тексерілді
1 күн бұрын
-
Садыр Жапаров ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері басшыларымен кездесті
1 күн бұрын
-
Пашинян Жапаровты Қазақстан президенті деп атағаннан кейін хаттама қызметінің басшысын қызметінен босатты
1 күн бұрын
-
Өскемендегі кептеліске жаңа жол: әкім құрылыс барысын жеке тексерді
1 күн бұрын
-
Қорғаныс министрлігіне кеткен Савельеваның орнына жаңа депутат келді
1 күн бұрын
-
Navai қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін Қазақстаннан шығарылды
1 күн бұрын
-
Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпараттан кейін оның жаңа суреттері жарияланды
1 күн бұрын
-
Қазақстан АҚШ-қа тікелей рейсті қашан ашатыны белгілі болды
1 күн бұрын
-
Әл-ауқат калькуляторы неге бәріне ашылмайды: министрлік жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда кадр дағдарысы: Еңбек нарығында қай мамандарға сұраныс көп?
1 күн бұрын
-
Адамды автобусқа итеріп кіргізген видео тарады: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
1 күн бұрын
-
Үш ай бойы іздеген: Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды
1 күн бұрын
-
Компьютер алдында шаршағандарға ем: Көңіл-күйді 30 секундта көтеретін әдеттер
1 күн бұрын
-
Желдей жылдам, темірдей төзімділердің айқасы: Алматыда «D’Giro Almaty 2026» өтті
1 күн бұрын
-
Pinduoduo мен Claude Қазақстан бюджетіне 8 млрд теңге төледі
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін күшейтуді тапсырды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында екі тағайындау жасады
2 күн бұрын
-
ҚАЗТЕСТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды: Сертификатты қалай және қанша төлеп алуға болады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда колледж оқушыларына «клининг» дипломы берілуі мүмкін
2 күн бұрын
-
2027 жылы Рамазан қашан басталады: ҚМДБ діни күндер кестесін жариялады
2 күн бұрын
-
Марко Рубио Қазақстанға сапармен келмек
2 күн бұрын
-
Жапаров: Әблязов Бішкектен Қазақстандағы саяси әрекетін ұйымдастырғысы келді
2 күн бұрын
-
ҰҚК Қазақстанда интернет-алаяқтық жүйесін құрған Қытайдың 13 азаматын ұстады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда маймыл шешегінің таралу қаупі қандай? Министрлік жауап берді
2 күн бұрын
-
Алматыда 700-ге жуық студентке шәкіртақы уақытында берілмеген
2 күн бұрын
-
Шетелге жұмысқа шақырса, нені тексеру керек? Еңбек министрлігі түсіндірді
2 күн бұрын
-
Франциядағы жаппай тәртіпсіздік: Макрон қатаң шара қолданатынын мәлімдеді
2 күн бұрын
-
Отбасыңыз А, В әлде C санатында ма? eGov-та жаңа калькулятор іске қосылды
2 күн бұрын
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
4 күн бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
5 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
5 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
5 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
5 күн бұрын