$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты

Абдрахманов Мағжан
21 қазан 2026, 10:12
Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты Сурет авторы: shutterstock

21 қазанда әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті. Brent маркалы мұнайдың желтоқсанда жеткізілетін фьючерстері 1,59 долларға немесе 1,5%-ға қымбаттап, барреліне 110,38 долларға жетті. АҚШ-тың WTI мұнайы 1,4%-ға өсіп, 99,18 доллар болды, деп хабарлады Reuters.

Бағаның өсуіне Таяу Шығыста мұнай тасымалы мен өндірісіне қауіп төнуі мүмкін деген алаңдаушылық әсер етті. Соңғы екі аптада кемелерге кемінде 18 шабуыл жасалғаны хабарланды. Сарапшылар танкерлерге төнген қауіп Ормуз бұғазынан Парсы шығанағынан тыс аумақтарға дейін тарағанын айтады.

Нарыққа АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы да ықпал етті. Америкалық мұнай институтының дерегіне сәйкес, 16 қазанда аяқталған аптада елдегі шикі мұнай қоры 4,9 млн баррельге кеміген.

Бір күн бұрын Brent бағасы бес айдағы ең жоғары деңгейге дейін көтеріліп, кейін қайта төмендеген еді. Нарықтағы баға қазір Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты құбылып тұр.

Соңғы жаңалықтар