$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

2027 жылы Рамазан қашан басталады: ҚМДБ діни күндер кестесін жариялады

Абдрахманов Мағжан
19 қазан 2026, 14:24
2027 жылы Рамазан қашан басталады: ҚМДБ діни күндер кестесін жариялады Сурет авторы: Islam.uz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни күндер мен мерекелердің кестесін жариялады. Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады.

Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге түседі. Ал Ораза айт 9 наурызда басталады.

Құрбан айттың бірінші күні 16 мамырға белгіленген. Мереке үш күнге – 16, 17 және 18 мамырға жалғасады. Құрбан айттың алдындағы Арапа күні – 15 мамыр.

Сонымен қатар ҚМДБ кестесінде Бараат түні 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түнге, Ашура күні 15 маусымға, Мәуліт 14-15 тамызға белгіленген.

ҚМДБ түсіндіргендей, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген. Дегенмен жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күні бір күн кейін немесе ілгері жылжуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар