$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Алматыда үш университет «жарылғыш зат қойылды» деген ақпараттан кейін тексерілді

Редакция
20 қазан 2026, 15:20
Алматыда үш университет «жарылғыш зат қойылды» деген ақпараттан кейін тексерілді Сурет авторы: uib.edu.kz

Алматы қаласында үш жоғары оқу орнына қатысты миналау туралы хабарлама түскеннен кейін тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Мамандар университет ғимараттары мен олардың айналасындағы аумақтарды қарап шықты. Қауіпсіздік шаралары толық сақталды.

Тексеру қорытындысы бойынша хабарлама расталмады, ешқандай қауіпті зат табылған жоқ.

Әлеуметтік желілерде аталған оқу орындарының қатарында Халықаралық бизнес университеті (UIB) де болды. Университет әкімшілігі қауіпсіздікке байланысты тексеру жүргізілгенін және ешқандай қауіп анықталмағанын хабарлады.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар