$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты тапсырма берді

Абдрахманов Мағжан
22 қазан 2026, 17:19
Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты тапсырма берді Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері, атом өнеркәсібі мен энергетика саласындағы жағдай баяндалды, деп хабарлады Ақорда.

Президентке Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, салаға маман даярлау және жүзеге асырылатын жобалардағы отандық үлесті арттыру жөнінде мәлімет берілді.

Кездесуде Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Сонымен қатар радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және ядролық әрі радиациялық қауіпсіздік саласындағы құқықтық негізді нығайту жайы талқыланды.

Кездесу соңында Тоқаев ұлттық атом энергетикасын дамыту мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ Атом саласының даму стратегиясында белгіленген міндеттерді орындау үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар