$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48

Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды

Редакция
21 қазан 2026, 10:55
Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды Сурет авторы: REUTERS

АҚШ билігі елдегі шетелдіктерге қатысты саясатын шұғыл түрде қатаңдатып, бұрын-соңды болмаған шараларға көшті. Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы бері АҚШ Мемлекеттік департаменті 300 мыңнан астам визаның күшін жойғанын хабарлады. 

Ақпан-тамыз аралығында бұл көрсеткіш 175 мың төңірегінде болса, аз уақыт ішінде екі есеге жуық өскен. Мемлекеттік департамент өкілі Томми Пиготттың мәлімдеуінше, Трамп әкімшілігі АҚШ тарихында болмаған жылдамдықпен әрі ең көп мөлшерде визаларды жоюда.

«Заң бұзатын, алаяқтыққа баратын немесе ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін шетелдіктерге ешқандай кешірім болмайды», - деп кесіп айтты Томми Пиготт.

Визадан айырылуға не себеп? Жәй ғана коммент пе, әлде заң бұзушылық па?

Қара тізімге іліккендердің қатарында тек заң бұзушылар емес:

  • Пропалестиналық шерушілер: Израильдің Газа секторындағы әскери әрекеттеріне қарсы наразылыққа шыққан шетелдіктер.

  • Әлеуметтік желідегі белсенділер: Консервативті белсенді әрі Трамптың жақтасы Чарли Кирктің қазасына қатысты желіде пікір (комментарий) қалдырған шетел азаматтары.

Сонымен қатар виза алуға өтініш бергендер мен елдегі иммигранттардың әлеуметтік желілерін тексеру талаптары күрт күшейтілді.

Трамп бастаған Ақ үй бұл қадамдарды елдің ішкі қауіпсіздігін нығайту үшін өте маңызды деп есептейді.

Дегенмен құқық қорғаушылар дабыл қағуда. Олардың айтуынша, бұл шаралар адам құқықтарын, сөз бостандығын және заңды сот процестерін бұзады. Құқық қорғау ұйымдары билікті «ұлттық қауіпсіздік» деген ұғымды желеу етіп, саяси сыншыларды қудалап жатыр деп айыптауда.

Соңғы жаңалықтар