$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Марко Рубио Қазақстанға сапармен келмек

Абдрахманов Мағжан
19 қазан 2026, 13:49
Марко Рубио Қазақстанға сапармен келмек Сурет авторы: ҚР СІМ

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио G20 саммитінен кейін Қазақстанға толық форматтағы сапармен келуге мүдделі екенін білдірді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мұхтар Тілеуберді мен Марко Рубионың кездесуінен кейін хабарлады.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Негізгі назар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа аударылған.

СІМ мәліметінше, тараптар тауар айналымын ұлғайтуға, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және екі ел арасындағы іскерлік байланысты кеңейтуге мүдделі екенін растады. Сонымен қатар 2025 жылғы қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесі қаралды.

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға америкалық инвестициялар мен озық технологияларды тартудың маңызын атап өтті. Тараптар энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін де талқылады.

Кездесуде Майамиде өтетін G20 саммитіне дайындық мәселелері жөнінде де пікір алмасқан. СІМ мәліметінше, Марко Рубио саммиттен кейін жақын арада Қазақстанға толық форматтағы сапармен келуге мүдделі екенін растаған. Сапардың нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар