$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды

Редакция
21 қазан 2026, 16:34
Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды Сурет авторы: kursiv

Елордада интернет-дүкен арқылы есірткі таратты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, топ мүшелері ұйымдастырушы, қаптаушы, қоймашы және есірткіні тасушы болып міндеттерін бөліскен.

Дүкен ұсынған тауарлардың арасында каннабис шайыры қосылған печенье болған. Полицейлер әрқайсысының салмағы 100 грамм болатын 238 печеньені тәркіледі.

Күдіктілер тұрған жалдамалы пәтерлерді тінту кезінде шамамен 12 келі есірткі, соның ішінде 8 келіден астам марихуана, 1,5 келі гашиш және 2 келі каннабис шайыры табылды. Сондай-ақ ірі көлемдегі қолма-қол ақша, банк карталары, телефондар, таразылар және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Бес күдіктінің барлығы қамауға алынды.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар