$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

ҚАЗТЕСТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды: Сертификатты қалай және қанша төлеп алуға болады

Редакция
19 қазан 2026, 14:57
ҚАЗТЕСТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды: Сертификатты қалай және қанша төлеп алуға болады Сурет авторы: depositphotos.com

Қазақстанның ірі қалаларында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын маңызды тест өтеді. Ұлттық тестілеу орталығы КАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлады.

Өтінімдерді қабылдау 19–27 қазан аралығында жүргізіледі, ал емтиханның өзі 29 қазанда Астана, Алматы, Шымкент пен барлық облыс орталықтарын қосқанда 19 қалада ұйымдастырылады.

Тестке қалай өтінім беруге болады?

  1. app.testcenter.kz ресми сайтына кіріп, тіркелу;

  2. «Өтінім беру» батырмасын басу;

  3. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – КАЗТЕСТ» бөлімін таңдау;

  4. «КАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» жолын белгілеу.

Тест құрылымы мен талаптары:

Емтихан 4 негізгі блоктан тұрады:

  • Тыңдалым - 20 тапсырма (20 минут);

  • Оқылым - 40 тапсырма (50 минут);

  • Жазылым - 2 тапсырма (50 минут);

  • Aйтылым - 2 тапсырма (7 минут).

Сертификатқа қол жеткізу үшін әр блок бойынша белгіленген шекті балды жинау қажет. Жазылым мен айтылым блогының нәтижелері тест аяқталған соң 15 жұмыс күні ішінде жеке кабинетте пайда болады.

Тестілеуге қатысу құны - 7 121 теңге.

Соңғы жаңалықтар