$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін айтты: бірақ бір шарты бар

Абдрахманов Мағжан
12 қазан 2026, 12:04
Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін айтты: бірақ бір шарты бар Сурет авторы: REUTERS / Alina Smutko

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей 60 күнге атысты толық тоқтатуға келіскен жағдайда елде президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол ABC News арнасына берген сұхбатында айтты.

Зеленский бұл мәлімдемені АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинада басшылық ауысуы және жаңа президент сайлау қажеттігі туралы сөзінен кейін жасады. Трамп бұған дейін Зеленскийді сынап, Украинаға бейбіт келіссөз жүргізе алатын жаңа басшы қажет екенін айтқан.

«Егер президент Трамп шынымен сайлау арқылы қандай да бір өзгеріс болғанын қаласа, оның командасына да айттым: Путинге бізге екі ай, яғни 60 күн атысты толық  тоқтатуды ұсынсын. Сонда біз сайлау ұйымдастырамыз», – деді Зеленский.

Ол Украина халқының кез келген таңдауын қабылдауға дайын екенін айтты.

Зеленскийдің сөзінше, соғыс жүріп жатқан кезде сайлау өткізуге қауіпсіздік мәселесі кедергі болып отыр. Украинада әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тыйым салынған. Президент дауыс беруді ұйымдастыру үшін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар