$ 448.94 € 502.05 ₽ 5.26

Жаңбыр, сулы қар және көктайғақ: 8 қазанда күн райы қандай болады

Абдрахманов Мағжан
08 қазан 2026, 09:02
Жаңбыр, сулы қар және көктайғақ: 8 қазанда күн райы қандай болады Сурет авторы: Dknews.kz

8 қазанда Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Шығыста жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.

Астана: көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +11…+13 градус, түнде +5…+7 градус болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең кей уақытта 23 метрге дейін жетеді.

Алматы: жауын-шашынсыз, күндіз жылы ауа райы сақталады.

Шымкент: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Күндіз +21…+23 градус, түнде +6…+8 градус болады.

Елдің солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Шығыста жаңбыр мен қар жауып, түнде көктайғақ күтіледі. Бірқатар өңірде жел күшейіп, тұман түседі.

Батыс пен оңтүстікте антициклон әсерінен негізінен жауын-шашын болмайды. Батыста күндіз ауа температурасы +17…+22 градусқа, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +17…+25 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде күндіз +10…+17 градус шамасында болады. Таулы өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар