$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Үндістанда танкерде бірнеше ай қалған қазақстандық елге қайтарылады

Абдрахманов Мағжан
09 қазан 2026, 11:17
Үндістанда танкерде бірнеше ай қалған қазақстандық елге қайтарылады Сурет авторы: Yoruk Isik / Reuters

Үндістанның Одиша штатының Жоғарғы соты Парадип портында бірнеше айдан бері тұрған Unity танкерінің 23 теңізшісін елдеріне қайтаруды тапсырды. Экипаж құрамында Қазақстан азаматы да бар.

Теңізшілер мамыр айынан бері кемеде қалған. Іс материалдарына сәйкес, кеме иесі экипаж алдындағы міндеттемелерін орындамаған. Теңізшілерге жалақы төленбей, азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды жеткізуде қиындық туған.

Сот экипаж мүшелерін елдеріне қайтарып, олардың орнына кемеге жаңа теңізшілер жіберуді тапсырған. Бұл жұмыстарды үш апта ішінде аяқтау көзделген.

Unity экипажында барлығы 23 адам бар. Олардың арасында Қазақстан азаматы да бар. Қазақстандық теңізшінің елге нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар