$ 448.94 € 502.05 ₽ 5.26

Алматы облысында тротуардағы балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Редакция
08 қазан 2026, 11:34
Алматы облысында тротуардағы балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталды Сурет авторы: Скриншот pro_pddrk в Instagram

Алматы облысында әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыланып жатқан оқиғаға байланысты полиция өкілдері ресми түсініктеме берді. Желіде тараған бейнежазбада жол талғамайтын автокөліктің тротуарға жартылай шығып келіп, онда тұрған балаларды соғып өткені анық көрінеді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Тергеу аясында барлық қажетті бастапқы процестік іс-шаралар жүргізілді. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлімдеді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты әрі объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті шаралардың қолданылып жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы аталған оқиға бойынша медициналық мекемелерге ресми түрде шағымдар мен өтініштер түспегенін айтты. Ал бейресми деректерге сүйенсек, жүргізуші оқиға кезінде мас күйде болған деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар