$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Өз қалауымен жәрдемақыдан бас тарту: Қазақстандықтар өз ұстанымдарын түсіндірді

Редакция
12 қазан 2026, 20:33
Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар кейбір қазақстандықтар әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарта бастады. Олар мұндай шешімдерін әлеуметтік желілерде бөлісіп, бүгінде отбасыларын өз бетінше қамтамасыз ете алатындарын және мемлекеттік қолдау ең алдымен шынымен мұқтаж жандарға жеткені маңызды екенін атап өтті.
Өз қалауымен жәрдемақыдан бас тарту: Қазақстандықтар өз ұстанымдарын түсіндірді Сурет авторы: zh-shugylasy.kz

Алты баланың әкесі Әсен Жақсылықов қазіргі табысы отбасыныңнегізгі шығындарын өтеуге жеткілікті екенін, соған байланыстыжәрдемақыдан бас тартуды ұйғарғанын айтты.

«Мен қолдаудың ең алдымен аса мұқтаж жандарға жеткенінқалаймын», – деп жазды ол.

Ұқсас ұстанымды білдірген Нұрлан Мыңайдаров та отбасын өз бетіншеқамтамасыз етудің және қоғамдағы өзара көмектің маңыздылығынатап өтті.

«Мен үшін балаларымды өз күшіммен асырап-бағу және мүмкіндігіншеөзгелерге де көмектесу маңызды. Өзгелердің қиындығына бейжайқарамау мен бір-бірімізге демеу болу қоғамымызды нығайта түсетінінесенемін», – деді ол.

Өз кезегінде көпбалалы ана Зағипа Ахметжанова отбасы қазір бұлқолдаусыз-ақ күн көре алатын болғандықтан, мемлекеттікжәрдемақыдан бас тартуды шешкенін айтты.

«Егер менің отбасым бүгінде өз күнін өзі көре алатын болса, мен: “Рахмет, бірақ қазір бұл көмексіз де қатардан қалмаймыз” деп ашықайтқанды дұрыс көрдім», – деген ойымен бөлісті ол.

Сонымен бірге Зағипа Ахметжанова бұл шешімі жәрдемақы алатынбасқа жандарды айыптау ретінде қабылданбауы тиіс екенін баса айтты.

«Мен жәрдемақы алатындарды айыптамаймын. Керісінше, егеротбасы мұқтаж болса – әрине, қарастырылған барлық қолдаушараларын пайдалану қажет», – деп түсіндірді ол.

Осындай көзқарасқа көпбалалы отбасы ретінде алып отырғанжәрдемақысынан өз еркімен бас тартуды шешкен Әсемгүл Ермековада қосылды. Оның айтуынша, егер материалдық жағдай отбасыныңқажеттіліктерін өз бетінше өтеуге мүмкіндік берсе, мемлекеттіккөмектің кімге көбірек қажет екені туралы ойланған маңызды.

«Мен үшін бұл жоғалту емес, адал әрі әділ әрекет етудің мүмкіндігі», — деді ол.

Әсемгүл Ермекова мемлекеттік қолдау ең алдымен қиын материалдықжағдайға тап болғандарға көмектесуі тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қолдау – бұл артықшылық емес, көмек. Егер сіз бұлкөмексіз де күн көре алсаңыз, оны шынымен мұқтаж жандарға неге босатып бермеске?» – деп жазды ол.

Төрт азамат та төлемдерден бас тарту – әр отбасының қаржылықмүмкіндігіне негізделген жеке әрі өз еркімен қабылдаған шешімі екенінбаса айтады. Олар басқаларды да осылай етуге шақырмайды. Өйткенікөптеген ата-аналар үшін жәрдемақы балалардың тамағына, киіміне, білімі мен еміне жұмсалатын маңызды қаржы көзі болып қала береді.

Олардың ұстанымын ортақ идея біріктіреді: мемлекеттік көмекшынымен мұқтаж жандарға қолжетімді болуы тиіс, ал өз отбасын өзіқамтамасыз етуге дайын болу және өзгелердің де қажеттіліктерінескеру әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісі бола алады.

 

Соңғы жаңалықтар