$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды

Редакция
09 қазан 2026, 16:40
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды Сурет авторы: depositphotos.com

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Сабақ аяқталғаннан кейін басталған төбелес салдарынан кәмелетке толмаған оқушы алған жарақатынан қаза тапты. Ішкі істер органдары бұл факті бойынша жедел түрде қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, бұл сұмдық оқиға Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылында болған. Қаза тапқан оқушы 8-сыныпта оқыған және пышақ жарақатын алған деген ақпарат бар.

Күдікті деп танылған сыныптасы заңды өкілдерімен бірге дереу полиция бөліміне жеткізілді.Жетісу облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған оқушыны адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін мектеп қызметкерлеріне қатысты да бөлек қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайын толық анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар