$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Артық құжат жинау аяқталды: IMEI-кодты верификациялау енді қалай жүзеге асады

Редакция
12 қазан 2026, 11:58
Артық құжат жинау аяқталды: IMEI-кодты верификациялау енді қалай жүзеге асады Сурет авторы: Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу мен IMEI-кодтарды верификациялау процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Енді ел азаматтары мен қонақтары өз смартфондарын ұзақ әрі күрделі бюрократиясыз-ақ санаулы минут ішінде заңдастыра алады.

Бұған дейін азаматтардан талап етілетін шекараны кесіп өту туралы құжаттар мен үшінші тарап ресурстарынан анықтама алу қажеттілігі толығымен жойылды. Мемлекеттік жүйелердің өзара интеграциялануы арқасында барлық қажетті мәліметтер, соның ішінде шекарадан өту тарихы да автоматты түрде тексеріледі.

Енді бұл қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасы немесе portal.imei.gov.kz ресми порталы арқылы үйде отырып-ақ орындауға болады.

Жаңа жүйе арқылы өткінімді қалай беруге болады?

  • eGov Mobile қосымшасына кіріп, өзіңізді идентификациялаңыз;

  • «Танымал қызметтер» бөлімінен «IMEI верификациялауға өтінім» қызметін таңдаңыз;

  • Жеке деректерді өңдеуге келісім беріп, Digital ID немесе бейнеидентификация арқылы биометриялық тексерістен өтіңіз;

  • Жүйе шарттарымен танысып, өзіңізге ыңғайлы өтінім түрін растаңыз.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жаңашылдық халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетіп, смартфондарды тіркеудегі алаяқтық пен ұзақ кезекті жоюға жол ашады.

Соңғы жаңалықтар