$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысы шектеледі: себебі неде?

Абдрахманов Мағжан
09 қазан 2026, 11:35
Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысы шектеледі: себебі неде? Сурет авторы: Қорғаныс министрлігі

Астанада 10–14 қазан аралығында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Ал 9 қазаннан бастап елорда аспанында әскери авиацияның жаттығу ұшулары өтіп жатыр, деп хабарлады Мемлекеттік күзет қызметі.

Шектеулер Астанада өтетін бірнеше халықаралық саяси шараға байланысты енгізіледі. Осы күндері қаланың жекелеген көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

«Іс-шараларды өткізу барысында арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштердің ресурстары жұмылдырылады. Сонымен қатар 9 қазаннан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.

Қай көшелерде және нақты қай уақытта қозғалыс шектелетіні әзірге көрсетілмеген.

Соңғы жаңалықтар