$ 448.94 € 502.05 ₽ 5.26

«Жапонияда 11 мың, Қазақстанда 463 мың теңге»: Аймағамбетов дәрі мәселесін көтерді

Редакция
08 қазан 2026, 15:18
«Жапонияда 11 мың, Қазақстанда 463 мың теңге»: Аймағамбетов дәрі мәселесін көтерді Сурет авторы: Ulysmedia.kz

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда заманауи дәрі-дәрмектің қолжетімділігіне қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, дәрігер науқасқа инфекцияны емдеуге арналған препаратын тағайындағанымен, оны еліміздегі дәріханалардан табу мүмкін болмаған.

Екі апталық емге қажетті 28 таблетка Жапонияда шамамен 11 мың теңге тұрса, Малайзияда 30 таблеткасы 27–30 мың теңгеге сатылады. Ал Қазақстанда бұл дәрі дәріханаларда жоқ. Тек тапсырыспен ғана 100 таблеткалық қаптамасы 463 мың теңгеден басталатын бағамен ұсынылады.

Депутаттың сөзінше, мұндай жағдайда науқастар қажетті емнен бас тартуға немесе өзіне қажет мөлшерден бірнеше есе көп дәріні жүздеген мың теңгеге сатып алуға мәжбүр болады.

Аймағамбетов биыл депутаттардың бастамасымен халықаралық деңгейде мақұлданған дәрілерді жеңілдетілген тәртіппен тіркеуге мүмкіндік беретін заң қабылданғанын еске салды. Алайда бұл өзгерістер әзірге азаматтардың қажетті препараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ете алмай отырғанын айтты.

Оның пікірінше, мемлекет ішкі нарықта жоқ, бірақ сұранысқа ие дәрілерді анықтап, өндірушілермен жұмыс жүргізіп, оларды елге жеткізуін жеңілдетуі қажет. Бұл мәселені депутат алдағы Құрылтай отырысында көтермек.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар