$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Әкем қазақ тілін жетік меңгеруге септігін тигізді - Амангелді Кеңшілікұлы

Редакция
10 қазан 2026, 16:11
Әкем қазақ тілін жетік меңгеруге септігін тигізді - Амангелді Кеңшілікұлы Сурет авторы: qazaquni.kz

«Кеңшілік Кеңістігі» атты кеш белгілі ақын Кеңшілік Мырзабековтың 80 жылдық мерейтойына және оның рухына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылды. Әдеби-мәдени шарада Қазақстанның халық әртісі Айгүл Қосанова, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Қуандық Қыстықбай, Алтынай Нөгербек, Сержан Мұсайын және өзге де өнер иелері сахнаға шығып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабеков (1946–1989) – қазақ әдебиеті мен журналистикасында өзіндік орны бар ақын, журналист әрі аудармашы. Ол 1976 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Бүгінде Алматы қаласында ақынның есімі берілген көше бар.

Ақынның үлкен ұлының айтуынша, әкесі балаларының қазақ тілінде еркін сөйлеуіне ерекше мән беріп, олардың бойына ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиетті сіңіруге тырысқан. Сондай-ақ бала кезінен-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлері туралы әңгімелер айтып, олардың ел тарихындағы рөлін танытып отырған.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар