$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Yandex қызметтері қашан толық іске қосылады? Министр болжамын айтты

Абдрахманов Мағжан
12 қазан 2026, 16:32
Yandex қызметтері қашан толық іске қосылады? Министр болжамын айтты Сурет авторы: yandex map

Қазақстанда Yandex қызметтері алдағы 2-3 күн ішінде толық қалпына келуі мүмкін. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Ақорда кулуарында айтты.

«Yandex жұмыс істеп тұр. Олар платформаның жұмысын тұрақтандыруға кірісті. 2-3 күннен кейін бәрі толық жұмыс істейді деп үміттенеміз», – деді министр.

Бұған дейін Қазақстанда Yandex-тің бірқатар қызметінде ақау болып, такси шақыру және тамақ жеткізу қызметтерінің жұмысы қиындаған еді. Компания қызметтердің уақытша істемеуі мүмкін екенін хабарлаған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректері сақталатын серверлер Қазақстан аумағында орналасқанын және қалыпты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеген.

Алайда Yandex платформасының кейбір жүйелері, соның ішінде такси мен жеткізу қызметіне қажетті құрамдас бөліктер Қазақстаннан тыс жерде орналасқан. Бұған дейінгі ақау деректер орталықтарының зақымдануынан болған.

Соңғы жаңалықтар