$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Непалдағы апат: жоғалды деп есептелген қазақстандық елде екені анықталды

Абдрахманов Мағжан
09 қазан 2026, 10:29
Непалдағы апат: жоғалды деп есептелген қазақстандық елде екені анықталды Сурет авторы: Sanjit Pariyar/NurPhoto via Getty Images

Непалдағы жойқын тасқыннан кейін із-түзсіз жоғалғандардың қатарында болған Қазақстан азаматының елде екені анықталды. Тағы екі қазақстандықтың қайда екені әзірге белгісіз, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Бұған дейін апаттан кейін үш қазақстандықпен байланыс үзілгені хабарланған. Олардың екеуі Непалда, біреуі Тибетте болған деп есептелген.

«Непалда болған кезде байланыс үзілді делінген бір азаматымызбен хабарласа алдық. Ол апат болған аймаққа сапарын кейінге шегерген. Қазір Қазақстанда», – деді Үсенов.

Қалған екі қазақстандықтың тағдыры әзірге белгісіз. Олардың туыстары адамды анықтауға қажетті рәсімдерден, оның ішінде ДНҚ талдауынан өткен.

5 қазанда Непал билігі іздеу-құтқару жұмыстарын ресми түрде аяқтады. Тибетте іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Непал мен Қытай шекарасы маңындағы жойқын тасқыннан 1,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 5 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған.

Соңғы жаңалықтар