$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Тоқаев Путинге телефон соғып, туған күнімен құттықтады

Абдрахманов Мағжан
07 қазан 2026, 18:11
Тоқаев Путинге телефон соғып, туған күнімен құттықтады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Путинге мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан Президенті Ресейдің дамуы мен халқының әл-ауқатын арттыру жолындағы Путиннің қызметіне де тоқталған.

Телефон әңгімесі барысында екі ел басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.

Владимир Путин 1952 жылғы 7 қазанда туған. Бүгін ол 74 жасқа толды.

Соңғы жаңалықтар