$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Ресейде «Яндекс» дата-орталықтарына дрон түсіп, сервистер іркіліспен жұмыс істеп жатыр

Редакция
11 қазан 2026, 12:03
Ресейде «Яндекс» дата-орталықтарына дрон түсіп, сервистер іркіліспен жұмыс істеп жатыр Сурет авторы: Dialog.ua

8 қазан түнінде Рязань облысының Сасово қаласындағы «Яндекс» дата-орталығына дрон шабуыл жасап, ғимарат өртенді. Компанияның хабарлауынша, өрт инфрақұрылымның бір бөлігіне зиян келтіріп, орталықтың жұмысы толық тоқтады, зардап шеккендер жоқ. Бұл жайлы QRNews хабарлайды.

Оқиғадан кейін «Яндекс» іздеу жүйесінің, Yandex Cloud бұлттық платформасының және бірнеше үшінші тарап онлайн-сервистерінің жұмысында іркіліс байқалды. Ірі сайттар, қосымшалар мен банк сервистері де зардап шекті, ал 8 қазанның кешіне қарай ақаулардың көбі жойылды.

Екінші соққы көп күттірмеді. 9 қазан күні таңертең Калугадағы «Яндекс» дата-орталығына да дрондар шабуыл жасады. Компания «бірнеше модуль толық істен шықты» деп хабарлады. Калуга облысының губернаторы Владислав Шапша түнгі шабуылда тоғыз адам жараланғанын, аймақ үстінде 26 дрон атылғанын айтты.

Шығынның көлемін компания әлі ашқан жоқ. «Коммерсант» сарапшылары қосымша шығындар уақыт өте келе, әсіресе банктер, мемлекеттік құрылымдар мен байланыс операторлары үшін дата-орталық қызметтерінің қымбаттауына әкелуі мүмкін деп бағалайды. Yandex Cloud клиенттерінің жұмысын сақтау үшін «Яндекс» Selectel, K2Cloud және VK Cloud компанияларымен келісімге келді.

Соңғы жаңалықтар