$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Басына пакет кигізіп, үйден алып шыққан: Алматыда адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды

Абдрахманов Мағжан
12 қазан 2026, 09:56
Басына пакет кигізіп, үйден алып шыққан: Алматыда адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды Сурет авторы: видеодан кадр

Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Полиция олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екенін де тексеріп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына түскен жазба тараған. Бейнежазбада басына пакет кигізілген адамды бірнеше адамның подъезден алып шығып бара жатқаны көрінеді.

12 қазанда полиция осы оқиғаға қатысты төрт күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге ықтимал қатысы анықталды. Төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Істі Ішкі істер министрлігі арнайы құрған жедел-тергеу тобы тергеп жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар