$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте +24 градус: 9 қазанға болжам

Абдрахманов Мағжан
09 қазан 2026, 08:46
Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте +24 градус: 9 қазанға болжам Сурет авторы: Сергей Фадеичев/ТАСС

9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен сулы қар жауып, шығыста көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Астана: түнде +3…+5°C, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +9…+11°C, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Алматы: түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C. Жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с.

Шымкент: түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C. Жауын-шашын болмайды. Жел 5–10 м/с.

Солтүстік Қазақстанда жаңбыр мен сулы қар жауып, кей жерде жел күшейеді. Түнде ауа температурасы нөлге жуықтап, жекелеген аудандарда төмендеуі мүмкін.

Шығыста жаңбыр мен сулы қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.

Орталық өңірлерде кей жерде жауын-шашын болады, жел күшеюі мүмкін.

Батыста антициклонның әсерінен негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Оңтүстікте де күн негізінен ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Шымкентте күндіз ауа температурасы +24°C-қа дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар