Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен анықталды: Forbes жаңа рейтинг жариялады
Сурет авторы: Forbes
Forbes Kazakhstan журналы «Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен - 2026» атты 16-шы рейтингін жариялады. Кезекті зерттеу нәтижесі елдегі ірі мәмілелердің экономикалық және саяси ықпал ету аймақтарын қалай өзгерткенін көрсетті. Сарапшылардың бағалауынша, бизнесменнің беделі тек капитал көлемімен емес, сонымен бірге негізгі салалардағы ұстанымымен, мемлекеттік шешім қабылдау орталықтарына жақындығымен және ірі әлеуметтік-экономикалық жобалардың ауқымымен анықталады.
Рейтинг көшбасшысы және стратегиялық жобалар
2023 жылғы көрсеткішті қайталап, рейтингтің 1-орынына Вячеслав Ким қайта оралды. Кәсіпкер 2025 жылдың шілдесінде сатып алған Alatau City Bank қаржы ұйымының қызметін болашақ экономикалық әрі технологиялық орталық - Алатау қаласын дамытумен және ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырумен байланыстырады. Сонымен қатар, 2026 жылдың қыркүйегінде Ким бұл аймақта білім беру, ғылыми және венчурлік жобаларға арналған, капиталы $100 млн құрайтын эндаумент-қоры бар AÑSA HUB орталығын құратынын мәлімдеді.
Биылғы топ-50 тізіміне 4 жаңа өкіл енді. Тізімге енген тұлғалардың тәжірибесі бизнестегі ықпалдылыққа ірі активтерге иелік ету арқылы да, оларды тиімді басқару арқылы да жетуге болатынын дәлелдейді:
-
Шахмұрат Мүтәліп (75 ең бай бизнесмен тізімінде №22, капиталы - $482 млн) - Eurasian Resources Group (ERG) акцияларының 39,3%-ын сатып алды және «Алтыналмас» алтын өндіру компаниясын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды.
-
Нұрлан Артықбаев (75 ең бай бизнесмен тізімінде №21, капиталы - $508 млн) - «Қазақмыс корпорациясы» акционерлік қоғамына бақылау орнатты.
-
Кудрәт Игнатұлы Шамиев - ERG тобының Қазақстандағы кәсіпорындарының басшысы болып тағайындалды.
-
Алмаз Әлсенов (75 ең бай бизнесмен тізімінде №48, капиталы - $204 млн) - халықаралық Harvest Group компаниясының негізін қалаушы. Қазіргі таңда Қызылорда облысында агроиндустриялық кластер мен суару инфрақұрылымын салу жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, ол Астана қаласында франциялық Paris Saint-Germain (PSG) клубының лицензиясы бойынша футбол академиясын ашты.
Бұқаралық спорт пен теннис саласына салынған инвестициялар
Ірі бизнес өкілдерінің отандық кәсіби спортты дамытуға қатысу белсенділігі артты. Соңғы кезеңде біршама кәсіпкерлер футбол клубтарының инвесторлары мен серіктестері атанды:
-
Тимур Турлов (капиталы - $5,2 млрд) - «Шахтер» (Қарағанды) клубын;
-
Нұрлан Артықбаев - «Ақтөбе» клубын;
-
Дінмұхамед Ыдырысов (капиталы - $605 млн) - «Тұран» (Түркістан) клубын;
-
Шахмұрат Мүтәліп - «Ордабасы» (Шымкент) клубын;
-
Сергей Кан (капиталы - $450 млн) - «Қызыл-Жар» (Петропавл) клубын қаржыландыруды өз мойнына алды.
-
Владимир Ким ($5,9 млрд) мен Олег Новачукке ($388 млн) тиесілі KAZ Minerals компаниясы «Елімай» (Семей) клубының басты серіктесі болды.
Теннис саласында ұзақ мерзімді жүйелі жұмыстың үлгісін Болат Өтемұратов (капиталы - $5,4 млрд) көрсетіп келеді. 2007 жылдан бері Қазақстан теннис федерациясын басқарып келе жатқан кәсіпкер бұл спорт түріне $200 млн-нан астам жеке қаражатын жұмсаған. Осы жұмыстың нәтижесінде 2026 жылы Елена Рыбакина Australian Open және US Open турнирлерінің жеңімпазы атанып, әлемдік рейтингтің 1-орынына көтерілді.
Медицина және EdTech салаларының дамуы
-
Ерлан Сүлейменов (капиталы - $110 млн) - «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің негізін қалаушы. 20 жыл ішінде компания 20 зертхана мен 600-ден астам процедуралық кабинеттен тұратын желіге айналды. Қазіргі уақытта кәсіпорын клиникалар, дәріханалар мен цифрлық сервистерді кешенді дамытуда.
-
Рауан Кенжеханұлы - Bilim Group EdTech-экосистемасының негізін қалаушы. Компания мәліметінше, оның өнімдерін 4300-ден астам балабақша, 7200 мектеп, 268 колледж және 100-ден астам ЖОО пайдаланады. Күнделікті аудиториясы 2 миллионнан асады.
Рейтинг методологиясы: Бастапқы тізімге елдегі белгілі 100-ден астам бизнесмен енгізілді. Олардың арасынан капиталы, қызметкерлер саны және 2025 жылы төленген салық көлемі бойынша ең жоғары көрсеткішке ие 66 қатысушыдан тұратын лонг-лист қалыптастырылды. Тізімді бизнес, сарапшылар қауымдастығы және БАҚ өкілдерінен құралған сарапшылар тобы 6 балдық жүйемен бағалады. Шорт-лист түзу кезінде сарапшылардың бағасы негізгі салмаққа ие болды. Қатысушылардың жасы 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көрсетілген.
Соңғы жаңалықтар
-
Мектептер қашықтан оқуға көшіріле ме? Денсаулық сақтау министрлігі ресми жауап берді
24 минут бұрын
-
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Мәскеуге барады: екі күндік сапар аясында не талқыланады
50 минут бұрын
-
Бастапқы бағасынан екі есе қымбатқа өтті: әйгілі суретшінің бұрын-соңды аукционға шықпаған туындысы рекордтық сомаға сатылды
1 сағат бұрын
-
Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарын Халық Кеңесінің мобильді тобы аралайды
1 сағат бұрын
-
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына мемлекеттік деңгейде айрықша көңіл бөлініп отыр – депутат Д.Қамзабекұлы
2 сағат бұрын
-
Әділетті Қазақстанда жершілдік пен рушылдыққа жол бермеу керек - депутат
2 сағат бұрын
-
Жас кәсіпкерлер мен өнертапқыштарға қолдау: Алматыда 13 жобаға 1 миллион теңгеден бөлінді
3 сағат бұрын
-
Фототұзаққа түскен қызыл түлкі: мамандар жабайы аңның неліктен қауіпті екенін ескертті
3 сағат бұрын
-
570 қылмыстық іс: Айжан Аймағанова сталкинг пен спайкингке қарсы жазаны күшейтуді талап етті
3 сағат бұрын
-
Қазақстан медицинасында ірі өзгерістер болады: Құрылтай жаңа заң жобасын мақұлдады
3 сағат бұрын
-
Топ-менеджерінің қамалуынан кейін «Қазатомөнеркәсіп» шұғыл мәлімдеме жасады
4 сағат бұрын
-
«Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы құрған схема әшкереленуде: «Қазатомөнеркәсіп» өкілі ұсталды
4 сағат бұрын
-
Жәрдемақылар қысқара ма? Еңбек министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа нүкте қойды
4 сағат бұрын
-
Асыраушысынан айырылған отбасыларға қандай төлемдер тиесілі? Министрлік маңызды мәліметтерді жариялады
4 сағат бұрын
-
Ауылдағы мамандардың жалақысы кемінде 25%-ға өседі: Үкіметтің жаңа қаулысы кімдерге қатысты?
5 сағат бұрын
-
Түркістан облысында 117 млн теңге жымқырған бұрынғы бас дәрігер 8 жылға сотталды
5 сағат бұрын
-
Қазақстанға аяз келе жатыр: алдағы үш күнде қай өңірлерде ауа райы күрт бұзылады
6 сағат бұрын
-
«Сүлеймен сұлтан» сериалының жұлдызы есірткі мен жезөкшелік ісі бойынша ұсталды
6 сағат бұрын
-
Түркияда оқу-жаттығу кезінде әскери тікұшақ құлап, борттағылардың бәрі қаза тапты
6 сағат бұрын
-
Тоқаев отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті
22 сағат бұрын
-
GTA 6 құпиясын әшкерелеген хакер жеті жылға сотталып, сот залынан бірден босатылды
22 сағат бұрын
-
Мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайын еместер кетуі керек: Бектенов Нағаспаевқа ҚТЖ-дағы кадрларды тазалауды тапсырды
1 күн бұрын
-
Шетелден әкелінген iPhone-дар неге сұр аймақта қалып қойды: Министрлік өкілі жауап берді
1 күн бұрын
-
Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салуды қарастырып жатыр
1 күн бұрын
-
Қарағанды циркінде акробат биіктіктен құлап, жарақат алды
1 күн бұрын
-
Иранда хиджабсыз ән айтқан Парасту Ахмади жазаланды
1 күн бұрын
-
Ерсайын Нағаспаев «ҚТЖ» компаниясын басқарды
1 күн бұрын
-
Президент Ерсайын Нағаспаевты құрылыс министрі қызметінен босатты
1 күн бұрын
-
Қазақстанда бастапқы жарнасы 10 пайыздық жаңа ипотека іске қосылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Жаслан Мәдиев еліміздегі мобильді интернеттің орташа құнын атады
1 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстанда ең жоғары декреттік төлем мөлшері 29 пайызға өседі
1 күн бұрын
-
Мектеп бағдарламасына бокс пен дзюдо енгізіле ме? Қазақстан Халық Кеңесінде маңызды бастамалар көтерілді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда бедеулікті емдеу мен ЭКО жасату тәртібі түбегейлі өзгерді
1 күн бұрын
-
АҚШ-та 1000-нан астам әуе рейсі тоқтап қалды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда шетелге шығу құжатын рәсімдеу ережесі өзгерді
1 күн бұрын
-
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында: ШҚО-да ауыл шаруашылығы қауіпсіздігін күшейтетін қандай жоба жүзеге асты
1 күн бұрын
-
Экологияға жанашырлық: ғалымдар Almaty SuperSki жобасының экологияға зиянсыз екенін растады
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады
2 күн бұрын
-
Елде шошқа тұмауының 295 дерегі тіркелді: Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі ахуалды түсіндірді
2 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі қай қалада және қашан өтеді
2 күн бұрын
-
Президент Қазақстанның стратегиялық дамуын жоспарлайтын жаңа сарапшылар тобын бекітті
2 күн бұрын
-
Алматыда жаңа жыл түнінде отшашу атқандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
2 күн бұрын
-
Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
2 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның Білім министрі емтихандағы жасанды интеллект дауынан кейін қызметінен кетті
2 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қатысты шағымдар көбейді
2 күн бұрын
-
23–27 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында жарық болмайды
2 күн бұрын
-
Еуропада қымбатшылық пен баспана бағасының өсуіне қарсы жаппай ереуілдер басталды
2 күн бұрын
-
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді
3 күн бұрын
-
Жапонияда жанартау атқылады
3 күн бұрын