$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Yandex-тегі ақаудың салдары алты айға созылуы мүмкін

Абдрахманов Мағжан
12 қазан 2026, 13:07
Yandex-тегі ақаудың салдары алты айға созылуы мүмкін Сурет авторы: depositphotos

Ресейдегі шабуылдар кезінде зақымданған Yandex деректер орталықтарындағы жабдықтарды ауыстыруға алты айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Бұл туралы IT нарығындағы дереккөзіне сүйенген «Коммерсантъ» басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, жаңа жабдықтарды жеткізу мерзімі алты айға дейін созылуы ықтимал. Нарық өкілдері Yandex жоғалтқан жабдықтарының орнын тезірек толтыру үшін оларды бірнеше арна арқылы, соның ішінде шетелден сатып алуға тырысуы мүмкін деп есептейді.

10 қазаннан 11 қазанға қараған түні Ресейдің Владимир облысындағы Yandex деректер орталығы дрон шабуылынан зақымданған. Соның салдарынан орталықтың жұмысы толық тоқтап, компанияның бірқатар қызметінде жаппай ақау тіркелді.

Ақау Қазақстанға да әсер етті. Елде Yandex-тің такси шақыру және тамақ жеткізу қызметтері уақытша істемей қалды. Осындай қиындық Ресейден бөлек тағы бірнеше елде байқалған.

Бұған дейін Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректері сақталатын серверлер ел аумағында орналасқанын және қалыпты жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған.

Алайда министрлік Yandex платформасының бүкіл жүйесі Қазақстанда орналаспағанын түсіндірді. Такси және жеткізу қызметтерінің жұмысына қажетті кейбір жүйелер елден тыс жерде орналасқан. Сондықтан Ресейдегі деректер орталығындағы ақау Қазақстандағы қызметтерге де әсер еткен.

Қазір Yandex қызметтерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстан министрлігі компаниямен және отандық инфрақұрылым ұйымдарымен қажетті қолдау көрсету мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар