$ 455.86 € 528.84 ₽ 5.25

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
04 қыркүйек 2026, 10:07
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды Сурет авторы: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

Бұған дейін, 4 қыркүйекте Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылған еді. Ол өңірді 2022 жылғы маусымнан бері басқарды.

Шыңғыс Әрінов бұған дейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2024 жылғы ақпанда тағайындалған. Оған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзеті қызметінің бастығы болған.

Шыңғыс Әрінов 1983 жылы туған. Бұған дейін ол Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрі ретінде бірнеше жұмыс сапарымен болып, өңірдегі азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі нысандарының жұмысымен танысқан.

Соңғы жаңалықтар