Гуманитарлық ғылымдағы жасанды интеллекттің маңызы
Жанат Момынқұлов
Сурет авторы: craftum.com
Жанат Байжомартұлы, сіз жасанды интеллект туралы баяндама жасадыңыз. Гуманитарлық саланың өкілі ретінде Жасанды интеллекттің мәні мен маңызы неде?
Жасанды интеллект (ЖИ) – үлкен тіл моделі ретінде өміріміздің ажырамас бір бөлігіне, күнделікті серігімізге айналды. ЖИ өмірімізді өзгертіп жатыр. Сарапшы болған соң мен де оны зерттеп, академиялық қызметімде жиі қолданамын. Бүгін ЖИ әсерімен университеттер мен мектептерде плагиат мәселесі өзекті болуда. Сонымен қатар, ЖИ ауқымды мәліметтерді тез өңдеудің қуатты үдеткіші (акселератор), аналитика үшін таптырмас құрал. Адам мен машинаның бірлескен зияткерлік күші – білім өндірісінің жаңа көкжиегін ашып отыр. ЖИ алгоримге сай істейтін автоматты аудармашы ғана емес, ол ақпаратты сараптайтын ақылды машинаға айналып отыр. Мәселен, қазақ тілі бүгін жасанды ақыл көмегімен жаңаша “ренессанс” және отарсыздану кезеңін бастан өткеріп жатыр: тілдің функционалдығы артып, жоғары сапалы мәтіндер жасау мүмкіндігі артты.
Жасанды интеллект гуманитарлық ғылымдарға қандай өзгерістер әкелді?
ЖИ гуманитарлық ғылымдар үшін үлкен мүмкіндіктер мен жаңа шекараларды ашты. Оған қоса, ЖИ әлеуметтік-гуманитарлық пәндердегі дәстүрлі зерттеу әдістерін қайта қарауға мүмкіндік береді. Мәселен, үлкен деректерді өңдеу арқылы біз бұрын-соңды мүмкін болмаған ауқымды зерттеулер жүргізе аламыз. ЖИ көмегімен біз әлеуметтік және мәдени құбылыстарды жаңа көзқарас бойынша зерттей аламыз. Мәтіндер мен архивтерді талдау, ауқымды саяси және идеологиялық дискурстарды сараптау, бұның бәрі зерттеу мүмкіндіктерімізді кеңейтеді. Осылайша, ЖИ гуманитарлық ғылымдардың зерттеу әдістерін байытады. Сонымен қатар, ЖИ когнитивті серіктес ретінде оқыту мен оқуға көмектесіп, халықаралық білімге ұтымды интеграциялануға жағдай жасайды.
ЖИ мен гуманитарлық ғылымдар арасында қандай байланыс бар? Оны қалай тиімді пайдалану керек?
ЖИ гуманитарлық ғылымдармен тікелей байланысты, өйткені оның өзі үлкен тіл моделі болған соң гуманитарлық зерттеулерді тереңірек және көпқырлы ете алады. ЖИ негізінен екі бағытта қызмет етеді: ол зерттеу құралы ретінде қолданылады (мысалы, мәтіндер мен деректерді өңдеу), әрі философиялық тұрғыдан қарастырылады (мысалы, ЖИ-дің этикалық және идеологиялық әсерлері). Бұл салада тек деректермен жұмыс істеу ғана емес, сонымен қатар адам болмысына қатысты жаңа сұрақтар қоя аламыз. ЖИ-ді гуманитарлық ғылымдарды дамытуда құрал ретінде пайдалана аламыз, бірақ ол ешқашан адамның ойлау қабілетін алмастыратын күш бола алмайды.
ЖИ жаңа пәнаралық бағыттарды дамытуға қандай үлес қосып отыр?
ЖИ жаңа пәнаралық бағыттардың дамуына ықпал етіп, сандық гуманитарлық ғылымдар (Digital Humanities) деген саланың қалыптасуы үлкен жаңалық. ЖИ пәнаралық зерттеулер жүргізуге көмектеседі, әсіресе күрделі тақырыптарға тез бойлау үшін тиімді. Мысалы, Хайдеггер мен Вебердің билік туралы философиялық көзқарастарын аз уақытта салыстырып, талдау жасайды. ЖИ мәтіндерді, тарихты, мәдениетті жаңа тәсілдермен зерттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, үлкен көлемдегі тарихи деректерді талдау, оларды графикалық форматта көрсету, немесе мәдени құбылыстарды цифрлық карта арқылы визуализациялау мүмкіндіктері пайда болды. Сонымен қатар, ЖИ әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарды зерттеу арқылы қоғамдық дискурс, әлеуметтанулық пен саяси пікірлерді талдайды, әлеуметтік ғылымдарда жаңа бағыттарды дамытуға көмектеседі.
Жасанды ақылға қатысты қандай тәуекелдерге назар аудару қажет?
ЖИ-дің әлеуеті зор болғанымен бірнеше маңызды тәуекелдер бар. Біріншіден, “эпистемиологиялық отаршылдық” деген мәселеге назар аудару керек. ЖИ көбіне ағылшын тіліндегі және батыстық деректермен оқытылады, бұл өзге мәдениеттер мен дүниетанымдарды көлеңкеде қалдыруы мүмкін. Екіншіден, жалған ақпараттың таралуымен фейк жаңалықтар мен терең жасанды бейнелер (deepfake) жасау мүмкіндігі кең тарауда. Бұл алда саяси немесе әлеуметтік манипуляцияларға әкеп соғуы ықтимал. Сондай-ақ, ЖИ адамға тән қайшылық, нюанстар, сезімдері болмағандықтан адамша пайымның орнын баса алмайды. ЖИ күрделі гуманитарлық ұғымдарды, мысалы, ирония, символдық мағына немесе контекстті елемеуі ықтимал. Сондықтан ЖИ-ді тек құрал деп қарап, оған бар жауапкершілікті жүктемеу керек.
ЖИ гуманитарлық ғылымдарды тағы қалай өзгертуі мүмкін?
ЖИ гуманитарлық ғылымдарды толықтай алмастырмайды, бірақ оларды жаңа деңгейге көтереді. Біз әдетте ЖИ-ден шығармашылық пен сыни ойлауды күтеміз, десе де оны тек техникалық құрал деп қабылдау қажет. Мысалы, ЖИ арқылы біз ауқымды архивтерді талдап, бұрын ашылмаған деректерді іздей аламыз. Бірақ оның түсіндірмесі мәдени және тарихи контекстің тереңдігіне әзірше бойлай алмайды. ЖИ арқылы біз ғылыми зерттеу мен білім алу үдерісін жылдамдатамыз, бірақ бұл ешқашан адамның түсінігін, мәдениет пен философияның тереңдігіне толық балама алмайды.
Болашақта гуманитарлық ғылымдар мен ЖИ арасындағы қарым-қатынас қандай болуы мүмкін?
Болашақта гуманитарлық ғылымдар мен ЖИ арасындағы қарым-қатынас өте тығыз болады. Бірақ бұл қатынастың басты талабы ЖИ-ді дұрыс қолдана білу. ЖИ техникалық тұрғыдан ғалымдарға көмек көрсеткенімен, адамзаттың мәдени, этикалық және философиялық құндылықтарын ұмытпау қажет. Біз ЖИ-ді тек техникалық немесе өндірістік жабдық ретінде емес, қоғамды және мәдениетті терең түсіну үшін пайдалана аламыз. Сондықтан ЖИ мен гуманитарлық ғылымдар арасындағы болашақ байланыс адамның сыни және терең ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы мүмкін.
Болашақта басты сұрақтар өзгеріссіз қалады: «Жасанды интеллект қалай адамды түсінеді?» немесе «Машиналар құрастырған тарихтың шындығына кім жауапты?» сияқты сұрақтар адам болмысына қатысты философиялық талқылауға негіз болмақ. ЖИ мен гуманитарлық ғылымдар тек техникалық емес, адамзаттың моральдық және этикалық дамуы тұрғысынан да маңызды болады. Жасанды интеллект гуманитарлық ғылымдарды алмастырмайды. Бірақ ол оларды дамытады: пайымдауға, есте сақтауға және әдістерін қайта құруға мәжбүр етеді. XX ғасыр идеология мен баяндау ғасыры болса, XXI ғасыр деректер, модельдеу және машина этикасы ғасыры болуы мүмкін.
ЖИ-мен жұмыс істейтін гуманитарий ғалымдарға қандай кеңес беруге болады?
Ғалымдарға бірінші кезекте ЖИ-ді тек құрылғы ретінде қабылдау қажет. Ол адамдардың сыни ойлауын, терең талдауын алмастыра алмайды. Университеттерде ЖИ сауаттылығын дамыту маңызды. Студенттерге ЖИ-мен бірлесіп ойлау және талдау дағдыларын үйрету қажет, дегенмен оның шектеулігін де түсіндіру қажет. ЖИ өнімдерін пост-колониалдық тұрғыдан қарастыруға болады, бұл жаңа әдіснамалық көзқарастарға негіз болады. Жаңа дәуірде кодты да, жанды да түсінетін гуманитарийлер болашақты қалыптастырады. Гуманитарлық ғалымдар бұл орасан мүмкіндікке қарсыласпай, адами және техникалық жақты тең ұстайтын этикалық бағдар болуы тиіс.
Сіз жасанды интеллекті көмегімен еліміздегі білім саласын жақсарту мақсатында қандай стратегиялық ұсыныстар айта аласыз?
Жасанды ақылды білім беру саласында тиімді және этикалық тұрғыдан қолдану үшін Қазақстанға кешенді стратегия қажет. Ең алдымен, ЖИ-дің академиялық ортадағы қолданылуына байланысты академиялық адалдық стандарттарын жетілдіру маңызды. Бұл үшін ЖИ қолданылған жұмыстарда міндетті түрде сілтеме беру тәртібін енгізу, арнайы тексеру жүйелерін (мысалы, антиплагиат және ЖИ-анықтау құралдары) дамыту қажет. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларға арналған ЖИ этикасы бойынша оқыту бағдарламаларын іске қосу, білім беру жүйесінде ЖИ-дің әділ, ашық және адам құқығына сәйкес қолданылуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Еуроодақтың ЖИ туралы заңында білім беру саласындағы ЖИ “жоғары тәуекелді” жүйе ретінде танылып, оны енгізу алдында адам құқықтарына ықпалын бағалау талап етіледі. Эстония ЖИ-ді оқу процесіне үйлесімді енгізіп, мұғалімдерге ЖИ этикасын оқыту арқылы оң нәтиже көрсетуде. Қазақстан үшін осындай тәжірибені негізге алып, ЖИ қолдану саясатына этикалық және құқықтық талаптарды енгізу, арнайы бақылау немесе реттеу институтын құру білім сапасын арттыруға және технологияны жауапкершілікпен пайдалануға жол ашады.
Сұхбатыңызға рахмет!
Соңғы жаңалықтар
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
10 сағат бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
13 сағат бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
13 сағат бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
14 сағат бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
14 сағат бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
14 сағат бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
1 күн бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
1 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
1 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
1 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
1 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
2 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
3 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
3 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
3 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
3 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
3 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
3 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
3 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
3 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
3 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
4 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
4 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
4 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
4 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
4 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
4 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
4 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
4 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
4 күн бұрын
-
Марадона ізімен: Месси бастаған Аргентина қатарынан екінші рет финалға шықты
4 күн бұрын
-
Астанадағы қонақүйлердің бірінен нәрестенің денесі табылды
5 күн бұрын
-
Килиан Мбаппе Франция құрамасының тактикасын сынға алды
5 күн бұрын
-
Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
5 күн бұрын
-
Қазақстандықтар қатерлі ісікке тегін тексеріле алады
5 күн бұрын
-
Қазақстанның оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық күтіледі
5 күн бұрын
-
Былтыр бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалды
5 күн бұрын
-
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері: Онкологтар атаған 7 қауіпті симптом
5 күн бұрын