$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны 100 млрд доллардан асты

Редакция
04 маусым 2026, 10:12
АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны 100 млрд доллардан асты Сурет авторы: Magnific.com

АҚШ-тың Иранмен әскери қақтығысқа жұмсаған шығыны 100 миллиард доллардан асып кетті. Moody’s агенттігі мен Пентагон деректеріне сүйенетін Iran War Cost Tracker платформасының мәліметінше, соғысқа сағатына шамамен 41 миллион доллар жұмсалып жатыр.

Moody’s бағалауынша, қақтығыстың алғашқы төрт айындағы шығын әр америкалық отбасыға орта есеппен 750 доллар көлемінде әсер еткен. Сонымен қатар соғыс мұнай бағасының өсуіне ықпал етіп, жанармай құнының қымбаттауына себеп болған.

Moody’s агенттігінің бас экономисі Марк Занди егер қақтығыс жақын арада аяқталмаса және энергия тасымалдаушыларының бағасы төмендемесе, табысы төмен америкалықтардың шығындарын қысқартудан басқа амалы қалмауы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, бұл жағдай АҚШ экономикасына қосымша қысым түсіріп, экономикалық белсенділіктің одан әрі әлсіреуіне әкелуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар