«Астанада» үлкен өзгеріс күтілуде: клуб трансферлерді кейінге қалдырды
Сурет авторы: Qrnews
«Астана» баскетбол клубының басшылығы маусым қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында команданың нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы айтты. Клуб өкілдерінің сөзінше, маусым барысында болған өзгерістер шешуші ойындарға әсер еткен.
Клубтың бас директоры Самсон Аракелян маусым басында көпшілік команданың мүмкіндігін төмен бағалағанын айтты. Соған қарамастан елордалық клуб Батыс Азия суперлигасында сәтті өнер көрсетіп, тұрақты чемпионатты бірінші орынмен аяқтады. Сонымен қатар өз алаңында бірде-бір кездесуінде жеңілген жоқ.
Оның айтуынша, бұл жетістіктерде бұрынғы бас бапкер Рамунас Цвирканың еңбегі зор. Ал Қазақстан чемпионатының финалы елдегі баскетболға деген қызығушылықтың артқанын көрсетті. Ақтау мен Астанадағы матчтарға жанкүйерлердің көп жиналуы және трансляция көрсеткіштерінің өсуі осының дәлелі болды.
Легионерлерсіз өткен ойындағы жеңіс жайлы:
Рүстем Мырзағалиев, «Астана» капитаны:
Адас Юшкявичустың ойыннан кетуі біз үшін күтпеген жағдай болды. Ол шабуылдағы негізгі ойыншылардың бірі еді. Бірақ сол сәтте команда болып бірігіп, жауапкершілікті өз мойнымызға алдық. Әсіресе қазақстандық ойыншылар мінез көрсетіп, жеңіс үшін соңына дейін күресті. Бұл жеңіс бізге үлкен сенімділік берді.
Мағжан Сәрсенғалиев, «Астана» ойыншысы:
Бұл жеңістің біз үшін маңызы ерекше болды. Себебі көпшілік арасында «Астана» легионерлерсіз ойнай алмайды деген пікір қалыптасқан еді. Біз сол көзқарасты өзгерткіміз келді. Сондықтан төртінші матч біз үшін қосымша мотивация болды. Команда болып бір мақсатқа жұмылып, өз мүмкіндігімізді дәлелдеуге тырыстық. Нәтижесінде маңызды жеңіске қол жеткізіп, қазақстандық ойыншылардың да жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын көрсеттік.
Жаңа маусым алдындағы трансферлік жұмыстар басталды ма? Кеше ғана «Атырау Барыстарынан» кеткен Майкл Майсқа қызығушылық бар ма?
Самсон Аракелян, клубтың бас директоры:
Майкл Майс – жоғары деңгейдегі ойыншы, жақсы мерген. Бұған дейін біз оны WASL турниріне қатысуы мүмкін кандидаттардың бірі ретінде қарастырғанбыз. Алайда қазіргі уақытта құрамды жасақтау мәселесі кейінге қалдырылды. Себебі клубта жаңа бас бапкер әлі тағайындалған жоқ.
Бас директордың айтуынша, алдағы трансферлер мен ойыншыларға қатысты шешімдер жаңа жаттықтырушы мен спорттық директордың келісімі негізінде қабылданады. Сондықтан клуб алдымен бас бапкер мәселесін шешіп, содан кейін ғана келесі маусымның құрамын жасақтауға кіріспек.
Айта кетейік, «Астана» Қазақстан чемпионатының финалында «Каспийге» қарсы серияда 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Ал елордалық клуб FIBA WASL турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алып, халықаралық аренадағы өнерін келесі маусымда жалғастырады.
Мұратбекқызы Нуризат
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын