$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

Анна Данилина «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды

Редакция
04 маусым 2026, 11:39
Анна Данилина «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды Сурет авторы: olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткаларының бірі Анна Данилина Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға шықты.

Ширек финалда қазақстандық спортшы сербиялық Александра Круничпен бірге австралиялық Эллен Перес пен нидерландылық Деми Схюрс жұбымен кездесті. Данилина мен Крунич матчты сенімді өткізіп, қарсыластарын 6:2, 7:6 (8:6) есебімен жеңді.

Осылайша қазақстандық-сербиялық дуэт маусымдағы ең беделді жарыстардың бірі саналатын «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды. Енді финалға шығу үшін олар жапониялық Сюко Аояма мен Тайвань өкілі Лян Энь Шо жұбына қарсы ойнайды.

Жартылай финалдық кездесу 5 маусымға жоспарланған. Қазақстан уақыты бойынша матч шамамен сағат 15:00-де басталады деп күтілуде. Кездесуді Eurosport 1 телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Данилина аралас жұптар арасындағы жарыста өнер көрсетуін аяқтады. Қазақстандық теннисші америкалық Джеймс Трэйсимен бірге микст санатында ширек финалға дейін жеткенімен, бұл кезеңде қарсыластарына есе жіберіп, турнирмен қоштасты.

Соңғы жаңалықтар