$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

Отбасы банктің ипотекасы қымбаттайды

Редакция
04 маусым 2026, 11:39
Отбасы банктің ипотекасы қымбаттайды Сурет авторы: Magnific.com

4 маусымнан бастап Отбасы банк аралық тұрғын үй қарыздары бойынша бірыңғай мөлшерлеме енгізеді. Енді мұндай несиелердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5% болады.

Бұған дейін аралық қарыздың мөлшерлемесі клиенттің бағалау көрсеткіші мен бағдарлама түріне байланысты 6%-дан 8,5%-ға дейін өзгеріп отырған. Жаңа ереже күшіне енген соң барлық клиент үшін бірдей 8,5% мөлшерлеме қолданылады. Ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 9%-дан 9,6%-ға дейін болады.

Өзгеріс бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу, үй салу, жер телімін алу, тұрғын үйді жөндеу, «Өз үйім», «Әскери баспана» және кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламаларына қатысты.

Сарапшылардың есебінше, 30 млн теңге көлеміндегі ипотека үшін мөлшерлеменің 7,5%-дан 8,5%-ға өсуі ай сайынғы төлемді шамамен 12–20 мың теңгеге арттыруы мүмкін.

Банк өкілдері 4 маусымға дейін алдын ала мақұлдау алған азаматтар ипотеканы бұрынғы шарттармен рәсімдей алатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар тұрғын үй қарыздары бойынша 3,5–5% аралығындағы мөлшерлеме және алдын ала қарыздардың шарттары өзгеріссіз қалады. 

Соңғы жаңалықтар