$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

АҚШ-та Трампқа Ирандағы соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарар қабылданды

Редакция
04 маусым 2026, 12:14
АҚШ-та Трампқа Ирандағы соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарар қабылданды Сурет авторы: Getty Images

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Өкілдер палатасы Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды шектеуге бағытталған қарарды мақұлдады. Құжатты 215 конгрессмен қолдап, 208-і қарсы дауыс берді. Қарарды демократтармен бірге төрт республикашыл депутат та қолдады. 

Қарарға сәйкес, егер Конгресс соғыс жарияламаса немесе әскери күш қолдануға арнайы рұқсат бермесе, президент Дональд Трамп Ирандағы америкалық әскерді шығаруы тиіс. Құжат әлі заңды күшіне енген жоқ, өйткені оны Сенат та мақұлдауы қажет. Соған қарамастан бұл дауыс беру Трамптың Иранға қатысты саясатына екі партия өкілдері тарапынан да сын айтылып жатқанын көрсетті. 

Демократтар Иранға қатысты әскери шешімдер Конгрестің келісімімен қабылдануы тиіс екенін айтып, Ақ үйдің әрекеттерін сынға алды. Олардың пікірінше, әкімшілік елді нақты жоспары жоқ қақтығысқа араластырып отыр. 

Ал Трамп әкімшілігі Иранға қарсы әскери операцияларды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермеу үшін қажет деп есептейді. 

Жарылқасын Шұғыла

Соңғы жаңалықтар