Шетелден қаржы алатын қазақстандық ұйымдардың тізімі жарияланды
Сурет авторы: Ашық дереккөз
Қазақстанда шетелдік қаржыландыру алатын жеке және заңды тұлғалардың егжей-тегжейлі тізімі алғаш рет жарияланды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметінде айтылды.
Ұйым деректеріне сәйкес, 2025 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан азаматтары мен елде тіркелген компаниялар шетелдік көздерден 12 миллиард теңгеден астам қаржы алған.
МКК өкілдерінің айтуынша, мұндай тізімді жариялау заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Негізгі мақсат – шетелдік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету және бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау.
Жарияланған тізімге үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, бұқаралық ақпарат құралдары және құқық қорғау бағытындағы ұйымдар енген. Оларға қаржы халықаралық ұйымдардан, шетелдік қорлардан, дипломатиялық өкілдіктерден және өзге де халықаралық институттардан түскен.
Атап айтқанда:
- «Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы» қоғамдық бірлестігі Джордж Сорос құрылымына кіретін Ашық қоғам институтынан (Open Society Institute), SIGRID RAUSING TRUST, National Endowment for Democracy және басқа ұйымдардан 350 миллион теңгеден астам қаржы алған.
- MediaNet ұйымына Ашық қоғам институты, European Endowment for Democracy, THE NIPPON FOUNDATION, n-ost - Netzwerk für Osteuropa-Berichterstattung e.V. және өзге де донорлар тарапынан шамамен 300 миллион теңге бөлінген.
- Құқықтық саясатты зерттеу орталығы Еуропалық комиссиядан, Заманауи журналистиканы дамыту орталығынан және АҚШ Мемлекеттік департаментінен 284 миллион теңге көлемінде қаржыландыру алған.
- CAPS Unlock қоғамдық қорына Open Society Foundations арқылы және өзге де көздерден 175 миллион теңге түскен.
- PaperLab қоғамдық қоры Ашық қоғам институтынан және National Endowment for Democracy ұйымынан 99 миллион теңге көлемінде қаржы алған.
МКК мәліметінше, алынған қаражат көлемі мен қаржыландыру көздері көрсетілген реестрді жариялау – 2025 жылдан бастап енгізілген жаңашылдық. Бұл шара Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар ұйым жарияланған тізімде аталған қаражат есебінен қандай жобалар іске асырылғаны және шетелдік қаржыландырудың түпкілікті бенефициарлары туралы мәліметтер көрсетілмегенін атап өтті.
Ресми дерекке сәйкес, 2023–2024 жылдары Қазақстанда 295 жеке және заңды тұлға салық органдарына шетелдік қаржыландыру алғаны туралы есеп тапсырған.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын