$ 493.15 € 574.17 ₽ 6.77

Жақсы зейнетақы алу үшін не істеу керек: Еңбек министрі жолын айтты

Редакция
02 маусым 2026, 15:21
Жақсы зейнетақы алу үшін не істеу керек: Еңбек министрі жолын айтты Сурет авторы: depositphotos

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қазақстандықтарға жақсы зейнетақы алу үшін еңбек өтілін үзбей қалыптастыруға кеңес берді. 

Оның айтуынша, зейнетақы жүйесі тұрақты жинақ қағидатына негізделген. Сондықтан азаматтар жұмыс істей бастаған сәттен бастап міндетті зейнетақы жарналарын жүйелі түрде төлеп отырғаны жөн. 

Ертаевтың айтуынша, университетті тәмамдап, еңбек жолын бастаған азамат тұрақты жұмыс істеп, мансап баспалдағымен кезең-кезеңімен көтеріліп отырса, болашақта жеткілікті зейнетақы жинақтай алады. Оның пікірінше, бұл үшін міндетті түрде жоғары жалақысы бар жұмыс іздеудің қажеті жоқ. 

Сондай-ақ министр жастардың қай жастан бастап зейнетақы жинауын бастауы керектігі немесе лайықты зейнетақы алу үшін қандай көлемде табыс табуы қажет екені жөнінде мемлекеттік органдар арнайы есеп жүргізбейтінін мәлімдеді. 

Жарылқасын Шұғыла

Соңғы жаңалықтар