$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

АҚШ Қазақстан тауарларына қосымша баж салығын енгізуі мүмкін

Редакция
03 маусым 2026, 17:42
АҚШ Қазақстан тауарларына қосымша баж салығын енгізуі мүмкін Сурет авторы: Magnific.com

АҚШ Қазақстанды күштеп еңбекке тарту арқылы өндірілген тауарларға қатысты талаптарды толық орындамайтын елдер қатарына қосты. Осыған байланысты Қазақстаннан әкелінетін өнімдерге қосымша баж салығын енгізу ұсынылды.

АҚШ Сауда өкілдігінің мәліметінше, Қазақстан бұл талаптарды заң жүзінде толық енгізбеген елдердің тізіміне енген. Осындай қорытынды Қазақстанмен қатар тағы бірнеше ондаған мемлекетке қатысты жасалған.

Ұсыныс қабылданса, қазақстандық тауарларға 12,5 пайыз көлемінде қосымша баж салығы салынуы мүмкін. Бұл АҚШ нарығына экспортталатын өнімдердің бағасына әсер етуі ықтимал.

Қазіргі уақытта бастама қоғамдық талқылау кезеңінде. Түпкілікті шешім кейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар