$ 493.15 € 574.17 ₽ 6.77

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетті

Абдрахманов Мағжан
02 маусым 2026, 17:50
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетті Сурет авторы: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Лорияның айтуынша, ол 2 маусым күні федерациядағы қызметін аяқтау туралы шешім қабылдаған. Оның сөзінше, ҚФФ президенті Марат Омаров оған вице-президент қызметінде қалуды ұсынған. Алайда тараптардың футболды дамытуға қатысты көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары кей мәселелер бойынша сәйкес келмеген.

Бұрынғы бас хатшы әріптестеріне, футбол клубтарына, өңірлік федерацияларға, бапкерлерге, футболшылар мен жанкүйерлерге алғыс білдірді. Ол алдағы уақытта да спорт саласының дамуына үлес қоса беретінін атап өтті.

Давид Лория 2025 жылдың қаңтарында Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалған болатын. Сол жылдың сәуір айының басында ҚФФ-тің бас хатшысы лауазымына кірісті.

Соңғы жаңалықтар