$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

«Таза сана - таза қала»: Елордалық жұмысшылар «Бәйтерек» алаңында Әнұран орындаған сәті

Редакция
04 маусым 2026, 12:32
«Таза сана - таза қала»: Елордалық жұмысшылар «Бәйтерек» алаңында Әнұран орындаған сәті Сурет авторы: «Астана Тазалық» ЖШС Баспасөз қызметі

Бүгін елорда жүрегінде ерекше патриоттық толқын орнады. Мемлекеттік рәміздер күнінде Астананың көркі мен тазалығына жауапты «Астана Тазалық» кәсіпорнының 100-ге жуық қызметкері «Бәйтерек» монументінің алаңында бас қосып, Ел Әнұранын бір дауыспен асқақтата шырқады.

Күннің ыстық-суығына қарамай, қала тұрғындарының жайлылығы үшін түннен таңға дейін еңбек ететін бұл ұжымда қазір 1500-ден астам адам жұмыс істейді. Бүгін олар өздерінің тек қала тазалығына ғана емес, елдің рухын көтеруге де дайын екендіктерін дәлелдеді.

«Бұл іс-шара біз үшін жай ғана жиын емес, мемлекеттік рәміздерге деген шексіз құрмет пен ел бірлігін көрсету мүмкіндігі», – дейді кәсіпорынның баспасөз хатшысы Қымбат Бақыткелді.

Ұжым ішінде 6 жылдан бері елорданың тазалығын күзетіп жүрген бригада шебері Айгерім Шілімбетова да бұл сәттің өзі үшін үлкен мақтаныш екенін жеткізді. Ол Мемлекеттік Гимнді бірге орындау арқылы барша отандастарын айтулы мерекемен құттықтады. «Таза сана — таза қала» қағидасын ұстанған еңбек адамдарының бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар