$ 488.96 € 569.49 ₽ 6.81

Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған апат: Жүргізуші кінәсін толық мойындады

Редакция
01 маусым 2026, 12:41
Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған апат: Жүргізуші кінәсін толық мойындады Сурет авторы: kris_p_almata

 

Бүгін, 1 маусымда Алматы қаласында  Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты басты сот талқылауы басталды.

Сот залынан жеткен мәліметке сүйенсек, айыпталушы орындығындағы Александр Пак өзіне тағылған айыпты толығымен мойындайтынын мәлімдеді.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы, 4-бөлігі  бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады

Оқиғадан кейін бірден қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Күдікті Александр Пак сәуір айының 7-сі күні тергеу изоляторына (СИЗО) қамалған болатын.

Қайғылы оқиға биылғы жылдың 21 наурызына қараған түні Алматының бас көшелерінің бірі – Әл-Фарабиде даңғылында орын алды. Апат салдарынан 3 адам қаза тапты. Олар: Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және 20 мен 22 жастағы екі бойжеткен қыз. Сараптама қорытындысы бойынша, рульде болған Александр Пак сол түні жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде болған.

Соңғы жаңалықтар