Мұнай ма, соғыс па: Қайсысы бірінші бітеді?
Сурет авторы: Forbes.kz/ ЖИ
Дональд Трамп әкімшілігінің Иранмен келісімге келіп, Ормуз бұғазы арқылы теңіз тасымалын қайта қалпына келтіруге уақыты біртіндеп азайып барады. Қақтығыстың алғашқы үш айында әлемдік нарық шамамен 1 миллиард баррель мұнайдан қағылды. Бұл тапшылық әзірге стратегиялық қорлар мен алдын ала жиналған резервтер есебінен жеңілдетіліп отыр, алайда мұндай мүмкіндік те біртіндеп сарқылып келеді. Бұл жөнінде BBC-дің орыс қызметі жазды.
Сарапшылардың пікірінше, егер Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалпына келмесе, жаз айларында мұнай бағасы қайтадан күрт өсуі мүмкін. Ал жаһандық экономика рецессия қаупіне тап болуы ықтимал. Қақтығыс жақын арада аяқталған күннің өзінде оның салдары ұзақ уақыт бойы сезіледі. Қорларды қалпына келтіру мен логистиканы реттеуге бірнеше ай қажет болады, ал энергетикалық нарық бұрынғы тұрақты қалпына бірден орала қоймайды.
Соғыс басталғаннан кейін мұнай бағасы шамамен 60 доллардан 100 долларға дейін көтерілді. Алайда пессимистік болжамдарда айтылған 200 доллар деңгейіне әзірге жеткен жоқ. Бұған бірнеше фактор әсер етті: соғысқа дейінгі нарықтағы артық ұсыныс, Батыс елдерінің стратегиялық қорларды кеңінен пайдалануы және әлем бойынша коммерциялық резервтердің жеткілікті болуы. Сонымен қатар Қытайдағы импорт көлемінің қысқаруы да өз ықпалын тигізді.
Дегенмен Фатих Бироль қазіргі жағдайды тек уақытша шешім ретінде бағалайды. Оның айтуынша, нарық қазіргі таңда тек стратегиялық қорлар есебінен тұрақтанып тұр, алайда бұл ресурс шексіз емес. Әсіресе жазғы демалыс маусымы қауіп тудырып отыр. Бұл кезеңде жанармайға деген сұраныс дәстүрлі түрде артады. Егер Парсы шығанағынан жеткізілім қалпына келмесе, шілде–тамыз айларында нарық ауыр жағдайға тап болуы әбден мүмкін. Фатих Бирольдің пікірінше, бұл мәселенің жалғыз шешімі – Ормуз бұғазын қайта ашу.
Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы және Халықаралық энергетикалық агенттік басшыларының бірлескен мәлімдемесі жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетеді. Олар мұнай қорының жылдам азаюы энергетикалық қауіпсіздікке, нарық тұрақтылығына және жаһандық экономикаға тікелей қауіп төндіріп отырғанын ескертті. Сарапшылар бұған дейін Вашингтонда жасалған болжамдарда Ормуз бұғазының жабылуы мұнай бағасын 200 долларға дейін көтеріп, жаһандық экономикалық құлдырауға әкелуі мүмкін екені айтылғанын еске салады. Қазіргі жағдай ол болжамнан жұмсақтау көрінгенімен, бұл уақытша тыныштық болуы ықтимал.
Мамандардың айтуынша, мұнай резервтерін жаппай пайдалану және төтенше шаралар күн сайын жоғалып жатқан миллиондаған баррель мұнайдың орнын шексіз толтыра алмайды. Мемлекеттердің нарыққа шамадан тыс араласуы табиғи тепе-теңдіктің қалпына келуін кейінге шегеріп, болашақтағы дағдарысты одан әрі ауырлатуы мүмкін. Оксфорд энергетикалық зерттеулер институты сарапшылары қазіргі дағдарыстың ауқымы 1970-жылдардағы мұнай шоктары мен Парсы шығанағы соғысынан да ірі болуы мүмкін екенін айтады. Егер Ормуз бұғазы жабық күйінде қала берсе, нарық тек бағаның өсуі арқылы ғана тепе-теңдігін сақтай алады.
Сарапшылардың бағалауынша, шешуші кезең алдағы бірнеше айда басталуы мүмкін. Одан кейін сұраныс пен ұсынысты теңестіру үшін мұнай бағасының одан әрі қымбаттауы ықтимал. Қақтығыс аяқталған күннің өзінде әлем бұрынғы энергетикалық модельге толықтай қайта оралмайды. Елдер қосымша резервтер қалыптастыруға, балама тасымал бағыттарын дамытуға, ішкі өндірісті күшейтуге және жаңартылатын энергия көздеріне көбірек инвестиция салуға мәжбүр болады.
Сарапшылар энергетикалық қауіпсіздік енді әлемдік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналатынын айтады. Осыған байланысты мемлекеттердің рөлі күшейіп, мұнай мен энергетика нарығы тек экономикалық емес, геосаяси факторларға да тәуелді бола түседі. Бұл үдеріс бұған дейін-ақ АҚШ пен Қытай арасындағы текетірес, Ресей мен Украина арасындағы соғыс және сауда қақтығыстары аясында басталған еді. Соның салдарынан әлемдік экономика қымбаттап, тиімділігі төмендеп келеді.
Нобель сыйлығының лауреаты Пол Кругман да жағдайдың күрделене түскенін атап өтті. Оның пікірінше, жаһандық мұнай қорлары азайып, әскери әрі экономикалық ресурстарға түсетін қысым күшейіп келеді. Сондықтан қақтығысты мүмкіндігінше тезірек аяқтау қажеттілігі артып отыр.
Жарылқасын Шұғыла
Соңғы жаңалықтар
-
2027 жылы Қазақстанда ең жоғары декреттік төлем мөлшері 29 пайызға өседі
21 минут бұрын
-
Мектеп бағдарламасына бокс пен дзюдо енгізіле ме? Қазақстан Халық Кеңесінде маңызды бастамалар көтерілді
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда бедеулікті емдеу мен ЭКО жасату тәртібі түбегейлі өзгерді
1 сағат бұрын
-
АҚШ-та 1000-нан астам әуе рейсі тоқтап қалды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда шетелге шығу құжатын рәсімдеу ережесі өзгерді
18 сағат бұрын
-
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында: ШҚО-да ауыл шаруашылығы қауіпсіздігін күшейтетін қандай жоба жүзеге асты
18 сағат бұрын
-
Экологияға жанашырлық: ғалымдар Almaty SuperSki жобасының экологияға зиянсыз екенін растады
19 сағат бұрын
-
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады
19 сағат бұрын
-
Елде шошқа тұмауының 295 дерегі тіркелді: Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі ахуалды түсіндірді
20 сағат бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі қай қалада және қашан өтеді
20 сағат бұрын
-
Президент Қазақстанның стратегиялық дамуын жоспарлайтын жаңа сарапшылар тобын бекітті
22 сағат бұрын
-
Алматыда жаңа жыл түнінде отшашу атқандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
23 сағат бұрын
-
Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
1 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның Білім министрі емтихандағы жасанды интеллект дауынан кейін қызметінен кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қатысты шағымдар көбейді
1 күн бұрын
-
23–27 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында жарық болмайды
1 күн бұрын
-
Еуропада қымбатшылық пен баспана бағасының өсуіне қарсы жаппай ереуілдер басталды
1 күн бұрын
-
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді
2 күн бұрын
-
Жапонияда жанартау атқылады
2 күн бұрын
-
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді
2 күн бұрын
-
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді
2 күн бұрын
-
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
2 күн бұрын
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
3 күн бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
3 күн бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
3 күн бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
3 күн бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
3 күн бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
3 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
3 күн бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
3 күн бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
3 күн бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
3 күн бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
3 күн бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
3 күн бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
3 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
3 күн бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
3 күн бұрын
-
Жалақы сақталады, демалыс көбейеді: Бразилия жұмыс аптасын қысқартып, қоғамдық көлікті тегін етпек
3 күн бұрын
-
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады
4 күн бұрын
-
Астана әуежайында ұшақ тұрағы 20 есе қымбаттауы мүмкін
4 күн бұрын
-
Ақмола облысындағы жол жөндеуге бөлінген қыруар қаржы неге кері қайтарылды
4 күн бұрын
-
Емхана есігін тоздыру азаяды: Қазақстанда пациенттерді қабылдау ережелері түбегейлі өзгереді
4 күн бұрын
-
Мемлекеттік қосымшадағы ақау ма, әлде сынақ па: Қырғызстан президенттігіне үміткерлер тізімінен беймәлім есім табылды
4 күн бұрын
-
Кімнің жалақысына қанша қосылады: Үкімет дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлерге төленетін жаңа үстемақы мөлшерін бекітті
4 күн бұрын
-
Тарифті ескертусіз өсіріп, ақылы қызмет қосып қойса не істеу керек: Оператордан ақша өндірудің жолдары
4 күн бұрын
-
Қазақстан цифрландыру бойынша Жапония мен Германияны артта қалдырды
4 күн бұрын
-
Жас емес, тәжірибе маңызды салалар қайсы: 55 жастан асқан қазақстандықтарға қандай мамандықтар қолжетімді
4 күн бұрын
-
Халық Кеңесі кәсіподақтар ұсынған 25 бастаманы жүйелеп, іске асыру жолдарын қарастырады
4 күн бұрын