$ 493.15 € 574.17 ₽ 6.77

Миллиардтар қайтыс болғандар мен шетелдіктерге аударылған: Еңбек министрі зейнетақы жүйесіндегі ірі заңбұзушылықтар туралы айтты

Редакция
02 маусым 2026, 17:43
Миллиардтар қайтыс болғандар мен шетелдіктерге аударылған: Еңбек министрі зейнетақы жүйесіндегі ірі заңбұзушылықтар туралы айтты Сурет авторы: Magnific.com

Қазақстанда шетел азаматтарына төленген зейнетақының бәрі заңсыз болмаған. Еңбек министрлігі аудит қорытындысына қатысты түсініктеме беріп, кейбір шетелдіктердің төлем алуға толық құқығы болғанын мәлімдеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, 2020–2024 жылдарды қамтыған аудит барысында 67 мың шетелдік азаматқа 20,8 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленгені анықталған.

«Оның ішінде 57 мың адам 13,5 млрд теңгені қайтарды. Қазір тағы 4 400 шетел азаматына қатысты шамамен 6 млрд теңгені өндіру жұмыстары жүріп жатыр», – деді Ертаев.

Сондай-ақ министр қайтыс болған және хабар-ошарсыз кеткен азаматтарға жасалған төлемдерге қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, шамамен 500 млн теңге сот шешімімен есептен шығарылған, оның ішінде алушылардың қайтыс болуына байланысты жағдайлар бар.

Алайда Асқарбек Ертаев шетелдіктердің зейнетақы алуы автоматты түрде заң бұзушылық саналмайтынын атап өтті.

«Егер шетел азаматы Қазақстанда жұмыс істеп, зейнетақы жарнасын аударып, зейнетке шықса, Қазақстан тарапы оған төлем жасауға міндетті. Дәл сол сияқты қазақстандықтар да өзге елде еңбек етсе, сол мемлекеттен зейнетақы ала алады», – деді министр.

Соңғы жаңалықтар