$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Абдрахманов Мағжан
03 маусым 2026, 11:05
Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды Сурет авторы: gov.kz

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, білім бөлімінің лауазымды тұлғалары өзге күдіктілермен бірге мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқыруы мүмкін. Қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тергеп жатыр.

Іс аясында күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайларында тінту жүргізілген. Сол күні Гүлсім Оразбаева да ұсталған.

Ашық деректерге сәйкес, Гүлсім Оразбаева білім саласында ұзақ жыл еңбек еткен. Еңбек жолын мектеп мұғалімі ретінде бастап, кейін қалалық білім бөлімінде түрлі қызмет атқарған. Кейін аталған бөлімнің басшысы лауазымына тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар