$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

ӘЧ-2026: Қазақстандықтар матчтарды қайдан көре алады?

Редакция
04 маусым 2026, 13:55
ӘЧ-2026: Қазақстандықтар матчтарды қайдан көре алады? Сурет авторы: Ашық дереккөз

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирде тамашалай алады. Турнир ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетеді.

Көрермендер кездесулерді телеарналардан бөлек, qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылыда онлайн көре алады.

Әлем чемпионаты 12 маусымда басталып, 20 шілдеде мәресіне жетеді. Турнирдің шымылдығын ашатын алғашқы матчта Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары кездеседі. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 12 маусым күні сағат 00:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар